Ұлы өмір қайта түлеп бара жатты…

Бір тамшы тамып түсіп жанарынан,
Соғыстың сыр шертуші ед хабарынан.
«Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашар»,
Деп Баукең сөз сөйлеген ар атынан.

Бүгіннің баласы боп мына біздер,
Көрмеппіз солғанын талай жүздер.
Әлі күнге көкірегі қарс айырылып,
Хабарсыз кеткен ұлын Ана іздер.
Танк басып, шықырлатып шынжырымен,
Қол-аяқ, үміттер де көп үзілген.
Сол соғыс бітпей қойды бірер жазбен,
Сол соғыс бітпеді қойды бірер күзбен.

Созылды ол талай-талай күн мен түнге,
Бұлт торлап күн батысты алды мүлде.
Сұм жауды жеңсем деген бір ғана ой,
Толарсақтан саз кешкен жүрді ерде.
Сол арман сұлу майдың тоғызында,
Шын болды, бітіп тынды соғысың да.
Ұлы өмір қайта түлеп бара жатты,
Көктем мен жарқын жаздың тоғысында!

Жайнагүл  ТАМБАЙ,
Рентабельный орта мектебінің
мұғалімі.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар