Ардагерлермен кездесті

Бейсенбі күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Жер кодексіне байланысты облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.  Олардың ішінде елімізге сыйлы ақсақалдар да болды.

Ардагерлердің жер мәселесі бойынша қойған сауалдарына облыс әкімі толымды, әрі нақты жауап берді. – Ақмола облысында бүгінгі күні 10 миллион 542 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның 90 пайызы қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының жер пайдаланушыларына, яғни, жеке және заңды тұлғаларына  бекітілген. Негізінен, бұл ұзақ мерзімге жалға берілген жерлер. Ол әрі қарай да күшінде қалады, – деді Сергей Кулагин.
– Шетелдіктерге бірде-бір гектар жер сатылмайды. Барлық жер тек қазақстандықтарда болады. Мен оған кепілдік беремін.
Кездесуге қатысушылар көпшілік, соның ішінде, жастар арасында түсінік жұмыстарын жалғастыра түсу  қажет деген пікірге тоқталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар