Елбасының шешімін қолдаймыз

Ауыл шаруашылығы жергілікті тұрғындардың  негізгі табыс көзі саналады.  Бүгінде елімізде осы салада  2 миллион 300 мың адам еңбек етеді.

Отандық фермерлер жердің бір гектарынан 400 долларды құрайтын өнім алады. Мысал үшін айта кетелік, дәл осы көрсеткіш АҚШ та 1,5 мың доллар, Германияда 2800, Францияда 3200 долларға тең өнім өндіріледі. Әрине, бұл биікке жету үшін бізге жаңа техника, тыңайтқыштар қажет. Бұл сұрақтың шешімін табу үшін Жер кодексіне өзгертулер енгізу қажеттілігі пайда болды. Бірақ, ол қоғамда үлкен сенімсіздік тудырып, халқымыз жеріміз шетелдіктерге сатылып кетеді  деп күмәнданды.
Шын мәнісінде, Жер кодексінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сату туралы сөз қозғалған жоқ. Жалға беру, жерді белгілі бір уақыт көлемінде қолдану туралы айтылған болатын.
Елімізде жерді он жылға жалға беру туралы заң бұрыннан бері бар. Дегенмен, осы уақытта бұл сала тиесілі пайда әкелген жоқ. Ал, жалға берудің мерзімін он жылдан жиырма бес жылға дейін көбейту мемлекетке де, жалға алушыларға да пайдасын тигізері анық. Мәселен, Францияда жерді жалға беру тоқсан тоғыз жылға дейін созылған.
Елбасымыз Жер кодексін талқылаудың нәтижесінде келесі жылға дейін құжатқа мораторий енгізуді ұйғарды. Сондай-ақ, жерге байланысты мәселелерді шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірталай міндеттер жүктеп, қоғамды толғандыратын сұрақтардың жауабын іздейтін Ақпарат және байланыс министрлігін құрды. Ұлт Көшбасшысының салиқалы шешімінің арқасында тиімді жаңа заңнамалар қабылданады  деген ойдамын.
 
Сағынтай ЕЛУБАЕВ,
облыстық мәслихаттың депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар