Депутаттар – ел ішінде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина мен Мұрат Теміржанов жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында және Зеренді ауданында болып,  сайлаушылармен кездесті.

Зеренді селосында халық қалаулысы Майра Айсина  шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы бірлестіктері басшыларымен жүздесті. Депутат маңызды стратегиялық бағдарламаларға кеңінен тоқталып, Парламенттің төменгі палатасының жұмысын баяндап берді.
– «Мәңгілік ел»  патриоттық актісінде жеті  бағыт айқындалған. Соның ішінде, ең біріншісі әрі маңыздысы бірлік болып табылады. Қазіргі алмағайып заманда негізгі байлығымыз ауызбіршілігімізден айырылмауымыз қажет.
Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен жүзеге асып жатқан бағдарламалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарта түсуде, –  
деді  ол.
Сондай-ақ, депутат ақпараттық ашықтық, әкімдердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер және тұрғындарға 522 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру  мәселесі жайында әңгіме қозғады. Халық қалаулысының айтуынша, мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  құжаттың да-йындалу жеделділігін қамтамасыз етпек.
Жиын барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан субсидия, жайылымдық жерлерге қатысты сауалдарын қойды. «Шоқ қарағай» шаруа қожалығының басшысы Қайыркен Хасенов  өз пікірін білдіріп, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға тікелей әсер ететінін алға тартты. Ол алдағы уақытта жалға алған жерлерін сатып алып,  шаруа қожалығын нығайту арқылы жұмыс орнын көбейтіп,  Қошқарбай ауылының әлеуетін арттыру мәселелерін қарастырмақ.
Ал,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаты Мұрат Теміржанов бұл жолы Сандықтау ауданының тұрғындарымен кездесіп,  Жер кодексі, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде айтып берді.
Ырысгүл АШУОВА.
Зеренді, Сандықтау аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар