Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың пікірі ескерілді - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың пікірі ескерілді

Қазіргі таңда елде қалыптасып отырған жағдай халық қалаулысы ретінде мені де толғандырады. Қарапайым халық бізге сенім артып, сайлағаннан кейін елдің сөзін сөйлеп, мұңын мұңдау  біздің міндетіміз.

Күні кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер кодексінің даулы баптарының күшін уақытша тоқтатқанын ел қызу қолдап отыр.  
Президентіміз алдымен бұл мәселені зерттеп, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге талқылап барып, бірегей шешім қабылдау қажеттігін айтты. Қашанда елдің пікірін ескеріп, халқының сөзіне құлақ түретін Көшбасшымыз бұл жолы да өте парасатты шешім қабылдады.
Әрине, жердің иесі болғаны дұрыс. Енді соны өзгелері де жақсылап түсініп, ертеңгі күні қарапайым халықтың жерсіз қалмауына жағдай жасауы қажет. Жалпы, жерді сатуда бір тетік болғаны дұрыс. Ауылдағы ағайынға екінші деңгейлі банктер төмен пайыздармен несие берсе, кәсібін өркендетсе, одан артық еш нәрсенің керегі жоқ. Бүгінгі күні ауылдағылар тек малмен ғана күндерін көріп отырғаны жасырын емес. Қолдарында бар байлық тек жер ғана.
Ауылға жиі барып, ақсақалдармен сөйлесіп жүремін. Ешкім де тәуелсіз елімізде қандай да бір бүлік, дау-дамайдың шыққанын қаламайды. Бәріміз жер туралы мәселе ақылмен шешіледі деген үміттеміз. Әрі солай боларына Елбасының кешегі нұсқауы айқын дәлел.

Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,
мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі аймақтық орталықтың директоры, облыстық мәслихаттың депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар