Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Бүгінде аудан орталығын абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Айлық кезінде екі таза бейсенбілік пен екі экологиялық сенбілік өткізілді. Қатысқан 1040 адамның 260-ы оқушылар. Аптаның әр бейсенбісі таза күн деп жарияланды. Әр ұйымдар мен бөлімдерге аумақ бөлініп берілген.
Орталық көше бойындағы бұталар қиылып, тәртіпке келтірілді, ағаштар мен жағатастар әктелді. Селолық округ әкімдігі «Қосшы Қуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірге село сыртына 35 тонна қоқыс шығарды. Бұл жұмысқа екі тиегіш техника мен жүк автокөлігі тартылды. Санитарлық тазалық пен абаттандыру айлығы кезінде 35 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ақмол ауылында 200 ағаш көшеті отырғызылды. Ауыл аумағында кеуіп қалған ағаш тал кесілді. «Қосшы коммуналдық қызмет» кәсіпорны техникамен қамтамасыз етті. Қоғамдық еңбеккерлердің күшімен Ақмол ауылының ішіндегі «Көз жасы аллеясы», кіреберіс және кентішілік жолдар бойындағы қоқыс күн сайын жиналады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.