Политрук Рахымбек Шакин

Менің  әкем   Рахымбек  Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, Балтық, Украин   майдандарында  фашистермен   шайқасқан, ротаның саяси  жетекшісі  болған  адам.

1945   жылы майданнан  ауыр  жараланып оралған  әкем   сол  жарақаттан    мен  дүниеге келмей  тұрып  қайтыс болыпты. 1950-51  жылдары  Қорғалжын ауданында   колхозда   агроном, 1952  жылы партия  қызметкері  болған екен.  
Соғысқа әкемнің ағасы Жұмажан  да қатысқан. Мен сол кісінің  қолында өсіп,  жетілдім. Сондықтан, Рахымбеков Смағұл Жұмажанұлымын. Қос әкемнің  де ұлымын. Жатқан  жерлері  жарық болсын. Қадир
Аллах   екеуіне  иман  рахатын  бергей. Әкелерім жайында «Егемен Қазақстан» газетінде  жаздым.  Келесі кітабыма  да  кіргізсем деп армандаймын. Мен әкелерімнің  бүгінгі  бақытты  өмір үшін күрескендерін мақтан етемін. Отан анамыз,  тәуелсіз Қазақстанымыз аман болғай. Елбасымыздың   әлемдегі  бейбіт өмірді сақтау жолындағы  ұлы  еңбектеріне тәнтімін!

Смағұл Рахымбек,  
жазушы.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар