Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бектаулықтар жер қадірін біледі - АРҚА АЖАРЫ

Бектаулықтар жер қадірін біледі

Әдетте, «көктемнің бір күні жылға азық» деген халық даналығын жадында ұстайтын диқан қауымы көктемгі егіске қыста дайындалады. Қолдағы бар техника жөнделіп, қажетті тұқым мен жанар-жағармай қоры жасалады. «Бектау» серіктестігінің басшылары да жылда осы қағиданы ұстанып, көктемгі дала жұмыстарына тас-түйін дайындықпен кіріседі.

Шаруашылық басшысы Александр Ткаченко жұмыс сапарымен аудан орталығына кетіпті. Кеңседе серіктестіктің бас агрономы Марат Биғаринов қарсы алды. Бірден шаруашылық жайын баяндауға кіріскен бас агроном қол жеткен жетістіктерді де, қазіргі атқарылып жатқан жұмыс жайын да жан-жақты айтып берді. Аудандағы іргелі шаруашылық-тардың бірі саналатын «Бектау» серіктестігі жалпы көлемі 21465 гектар алқапқа дәнді дақыл себеді. Оның 17948 гектарына бидай, 2167 гектар жерге арпа себіледі. Қолдағы азын-аулақ мал үшін  1350 гектар жерге екпе шөп егу жоспарланып отыр.
Табиғат жағдайына тәуелді болып қалмай жыл сайын бітік егін өсіру үшін агротехникалық шараларды қатаң сақтап, жерді озық технология бойынша өңдеу қажет. Шаруашылық осы шарттарды мүмкіндігінше сақтауға күш салады. Биыл да 4433 гектар пар жыртылыпты. Зиянкестерге қарсы пестицид, егін шығымдылығын арттыратын тыңайтқыштар қолдануға да жеткілікті көңіл бөлінеді, 64 тонна тыңайтқыш сатып алған.
Бұрын  «Агроцентр Астана» фирмасына қараған серіктестік біраз қиындықтарды бастан өткеріпті. Қолда бар техниканың ескіріп тозғаны өз алдына, адал еңбектерімен тапқан жалақыларын ала алмай қиналған жұрт құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырған. Содан жерге бір тиын салмай, оның ырысын пайдалануды ғана біліп келген алпауыт фирмадан жер қайтарып алынып, жаңа инвесторға беріледі. «НұрАстық KZ» серіктестігі тұралап қалған шаруашылықты қайта көтеру үшін қыруар қаржы салып, бірер жылдың ішінде өнімділігі жоғары біраз жаңа техникалар сатып алды. Жаңа техникаға қол жеткізіп, жалақыларын алған жұрттың да еңсесі көтеріліп қалған. Егіншіліктің озық технологияларын сақтауға көңіл бөлінгендіктен, астық шығымы да жыл санап өсе түсті. Өткен жылы серіктестік жалпы көлемі 27894 тонна астық жинады. Гектар түсімі 13,5 центнерден айналды.
Бүгінде «Бектау» жауап-
кершілігі шектеулі серік-тестігінде 104 адам тұрақты жұмыс істейді. Маусым кез-дерінде еңбек ететіндер саны екі жүзден асып жығылады.
Сәуірдің ортасынан бас-тап ылғал жабуға кіріскен шаруашылық қазір жалпы егіс көлемінің алпыс пайыздайының ылғалын жауып үлгерген. Серіктестіктің бас агрономы бізді ылғал жабумен айналысып жатқан егіс алқабына бастап әкелді. Канадалық «Бюллер» маркалы алып тракторға тіркелген тырманың алымдылығы 21 метрге жетеді. Алқапта осындай үш техника екі ауысыммен жұмыс істеуде.
Алып трактордың рулінде отырған орта жастағы жігіт Юрий Анисимовтың серіктестікте механизатор болып еңбек еткеніне биыл 15 жыл толыпты. Осы
ауылда туып-өскен ол канадалық темір тұлпардың жұмысына көңілі толатынын разылықпен айтып жатыр. Сынып, тоқтап қалуды білмейтін жаңа техника маусым кездерінде күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейді.
– Аптаның соңына дейін ылғал жабу жұмыстарын толық аяқтаймыз, – дейді бас агроном. – Содан кейін тұқым себуге кірісетін шығармыз. Ауа райын болжаушылардың мәліметіне қарағанда мамыр айының ортасында күн жылынбақ. Осыған орай, тұқым себуге жылдағы уақытта кірісеміз деп отырмыз.
Қазір «Бектау» серіктестігі тұқым себу жұмыстарына сақадай сай әзір отыр. Қажетті тұқым және жанар-жағармай қоры жасалған. Техника да жұмысқа әзір.

Қалкөз ЖҮСІП,
арнаулы тілшіміз.

Шортанды ауданы.

Суреттерде: серіктестік механизаторлары алқаптарға ылғал жабуда; озат механизатор Юрий Анисимов.

Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар