Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Көкшетау қалалық прокуратурасының ұжымы «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңға он бес түп шырша ағашын отырғызды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі іске 80 000 теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Барлық шығын ұжым мүшелерінің өздерінен шығып отыр.
– Шырша егу «Жиырма бес игі іс» акциясының шеңберінде өткізіліп отыр. Бұл біздің әсем қаламызды көркейте түсуге деген кішігірім үлесіміз. Жалпы алаңдар мен парктерді көгалдандыру таза ауа мен қаланың эстетикалық көрінісіне оң әсерін тигізеді. Бүгін біз елді мекендерді көркейту айлығы шеңберінде осы іске өз үлесімізді қосқанымызға өте қуаныштымыз, – дейді Көкшетау қаласының прокуроры Арман Ризанов өз сөзінде.
Бұл іс-шараға қалалық прокуратура ұжымының отызға жуық қызметкері атсалысты. Олардың ағаш отырғызуға білек сыбана кіріскені бірден-ақ байқалады. Бұл жас шыршалар болашақта биік ағаш болып өсіп-жетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарын аптап ыстықта көлеңкесімен қорғайды деген сенімде құқық қорғаушылар.
Алма НЫҒМЕТОВА.