Қосшы селосында жас спортшылар арасында каратэ-додан ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған чемпионат өтті.
Оған Астана, Көкшетау, Щучинск және Қостанай қалаларынан 154 жас спортшы қатысып, 6 команда бойынша сайысқа түсті.
Жарыс Целиноград ауданы әкімдігінің қолдауымен, бірқатар астаналық және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бапкер Зухра Қақабаеваның шәкірттері – жергілікті целиноградтық өрендер бірінші орынды жеңіп алды. Олардың қоржынында 8 алтын, 13 күміс және 9 қола медаль бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.