Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы мәжілісі өткізілді

Астанадағы Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын талқылау мен түсіндіру және ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған болатын.

«Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Жер реформасы туралы комиссияның алғашқы отырысына жиналдық. Комиссия құрамында Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, саяси партия жетекшілері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, сарапшылар, ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары, заңгерлер, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Баршаңызға шақыруымызды қабыл алып, осында келгендеріңізге ризашылығымызды білдіремін», – деді отырысты ашқан комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
Осы ретте ол комиссия алдында ел үшін тағдырлы мәні бар мәселені мұқият талқылап, ортақ мәмілеге келу міндеті тұрғанын атап өтті.
«Бұған дейін айтылғандай, жер шетелдіктерге сатылған емес, сатылмайды да. Бұл – мемлекеттің мызғымас берік ұстанымы. Біз Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған баптарын мұқият сараптауға тиіспіз. Дегенмен, экономикамызды, ауыл шаруашылығымызды дамыту үшін жер мәселесіне қатысты реформа жүргізу қажеттілігін де мойындауымыз керек», – деді комиссия төрағасы.
Комиссияның алғашқы отырысында 63 адамның пікірі тыңдалды. Үкімет мүшелері мен депутаттар 7 сағат бойы барлық тарапты мұқият тыңдап шықты. Әрбір ұсыныс қаперге алынып, мәселені одан әрі пысықтай түсу үшін комиссия отырысы әр сенбі са-
йын жалғасатын болды. Бұл жолы комиссия тұтастай өтсе, енді жұмыс топтары құрылып,  мәселелер сала-сала бойынша қаралмақшы. Елбасының бастамасымен құрылған комиссияның алғашқы отырысы осылайша сәтті өтті деуге болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар