Өзекті мәселелер талқыланды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен ағымдағы мәселелер талқыланған кеңес өткізілді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық сала басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес ең алдымен аса жауапты науқан – көктемгі егіске қатысты мәселелер қаралды. Үстіміздегі жылы облысымызда 4,7 миллион гектар жерге дән тұқымын егу жоспарланып отыр. Оның 4,2 миллион гектар алқабына дәнді дақылдар  сіңіріледі.
– Көктемгі дала жұмыстарын мүмкіндігінше өте қысқа мерзімде өткізуіміз қажет. Сондықтан, бүгінгі ең басты мақсат ауқымды жұмысты ұтымды үйлестіру. Осыған орай, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдары жетекшілерімен кездесіп, оларға қалыптасып отырған жағдайды түсіндіру өте маңызды. Осы істі тез арада ұйымдастыруымыз қажет. Қазір диқандар арзандатылған бағамен босатылатын жанар-жағармаймен толық қамтылған. Егіс жұмыстарына қажетті техника жүз пайыз дайын, – деп атап өтті облыс әкімі.  Кеңес барысында аймақ басшысы облыстағы барлық әлеуметтік нысандарға жүргізілетін жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейту туралы талап қойды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелері де қарастырылды. Сондай-ақ, жол құрылысы, балалар үйлерін жөндеу, жетім балаларды баспанамен қамту мәселелері де егжей-тегжейлі талқыланды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар