Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келіп, көріп, көңілдері толып аттанды - АРҚА АЖАРЫ

Келіп, көріп, көңілдері толып аттанды

Щучинск-Бурабай аймағындағы бірқатар демалыс орындары Ресейдің 12 өңірінен келген отызға жуық  туристік операторларға таныстырылды. Бұл үшін облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен туристік саяхат өткізілді. 

Өңірдің туристік саласының қолданылу аясын  кеңейтуге бағытталған ауқымды кездесуге  Қазақстан және Ресей туристік операторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс -шара үш күн өткізілді. Меймандар Бурабай аумағындағы шипажай,  демалыс орындарымен танысып, өз бағасын берді. Кездесуде екі жақты туристік  ынтымақтастық қарым-қатынасын орнататын меморандумға қол қойылды.
Бұл жолы Қорған, Новосібір, Нижний Тагил, Тула, Екатеринбург сынды қалалардан келген меймандарды қазақстандық туризм, әсіресе, Бурабай аймағы өте қызықтырады. Қорған қаласының «Здоровье» шипажайының өкілі Александра Макарова Бурабай өңіріне деген ықыласымен бөлісті.  
 –Бурабай туристік аймағы Астана қаласына жақын болғандығы өте ыңғайлы екен. Бүгінгі көзіміз көрген барлық нысандар заман талабына сай. Аз уақыт ішінде көптеген демалыс орындарында болып, алға ұмтылып, дамып жатқандарыңызды көріп, өте қуандым. Біз өз еліміздің тұрғындарына Бурабай мен Астананың әдемілігін көрсеткіміз келеді. Сіздердің елдеріңізде халықаралық ЭКСПО көрмесінің өтетіні өте жауапты да маңызды оқиға. Көрмеге қатысуды біз де жоспарлап отырмыз.
Бурабайдағы демалыс негізгі үш түрге бөлінеді: қымбат бағалы дегдарлы демалыс орындары, көпшіліктің сұранысына ие орташа бағадағы нысандар және де балалардың демалыс орындары. Ең қымбат деген қонақ үйде бір түнеп шығу тәулігіне
25 000 теңгеден  200 000  теңге тұрады. Ал, көпшіліктің сұранысына ие болған орташа деңгейдегі демалыс үйлерінде баға төмендеу. Демек, үш немесе төрт рет тамақтанып, кейбір ем шараларын тегін алып, бір тәулік қонып шығу үшін керекті сома орташа 5000 теңгені құрайды. Ресейден келген қонақтар көбіне көп қолжетімді бағадағы нысандарға қызығушылық білдірді. Бүгінгі күнде Шучинск-Бурабай курорт аумағында 300-ге жуық демалыс орны бар, демалыс аймағы  тәулігіне 12 000 туристі қарсы ала алады. Жазғы уақытта аймаққа 50 мыңнан астам адам келеді. Бүгінгі күнде өңірімізде 810 туристік ұйым бар, оның ішінде 319-ы шипажай,  420-сы жол үстіндегі қызмет нысандары, 68 туристік фирма бар.
Ақмола облысының туризм басқармасы бірнеше жылдар бойы ресейлік әріптестермен ынтымақтастық байланыста. Басқарма басшысы Шынарбек Батырханов бұл кездесу өңірдің туристік хал-ахуалының нығая түсуіне біршама септігін тигізеді деп сенеді.  
–Бұл ақпараттық-танымдық саяхат Ақмола облысының туристік күш-қуатын нығайта түсуіне ықпалын тигізеді деген ойдамын. Ресейліктер туризм саласындағы біздің негізгі серіктесіміз болып табылады.  Біз жазғы демалыс маусымының алдында оларға тағы бір мәрте Бурабайдың әдемі жерлерін көрсетуді ұйғардық. Көрші елдің туристері біздің Бурабай, Шалқар, Зеренді мен Сандықтау демалыс аумақтарын ұнатады. Елдеріміздің арасында екі жақты қарым-қатынасқа деген үлкен ынта білінеді. Біз де өз тарапымыздан Ресейлік туристік көрмелер, жәрмеңке мен форумдарға белсене атсалысып жүрміз. Мәскеу, Омбы, Қорған, Екатеринбург қалаларында болып қайттық,–  дейді Шынарбек Бүркітбайұлы.  
Бұл кездесуге Астанадан «АСТАНА ЭКСПО-2017»ҰК» акционерлік қоғамы  департаментінің бас менеджері Даниель Сержанұлы арнайы келді. Ол ресейліктерге халықаралық көрменің тұсаукесерін ұсынып, қандай дайындық жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.
Елімізге келген туристерге біздің тарихымыз бен ұлттық мұрамызды көрсету үшін өңірде этно ауылдар салынбақ.  Облыстағы жиырмадан астам ұлттық мәдени орталық  дайындалып жатыр.   Маусым айында Ақмола облысында халықаралық инвест форум өткізілмек. Мұндай ауқымды іс-шараларды өткізетін үлкен конференц зал бізде әлі жоқ. Сол кездесуде көп функционалды форум орталық салу мәселесі шешілмекші. Заман талабына сай ғимарат Бурабай аумағында болуы тиіс. Сонымен қатар, Шучинск-Бурабай курорттық аймағында республикалық шаңғы базасындағы трамплин кешені салынып жатыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай ақпараттық турлардың арқасында біздің өңірде демалыс саласынан түсетін кіріс бес пайызға көбейіпті.

Алма НЫҒМЕТОВА.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар