Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарнама неге бір-ақ тілде жазылады?!. - АРҚА АЖАРЫ

Жарнама неге бір-ақ тілде жазылады?!.

Бүгінгі күнді жарнамасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, үлкен елді мекендерде, қалалардағы жарнамалар қадам басқан сайын көз жауын алады. Сол жарнамалардың мемлекеттік тілде жазылған мәтіндерінде стилистикалық және грамматикалық қателердің жиі кездесетіні жасырын емес.

Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңының 21-бабында бланкілер, мекеме маңдайшалары, хабарландырулар, жарнамалар, баға тізбесі, басқа да көрнекті ақпараттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады деп көрсетілген. Дегенмен, заңның осы талабын орындамайтындар қай жерде де кездесіп жатады. Мұндай қателер облыс орталығы Көкшетау қаласында да жиі ұшырасады. Биылғы жылдың қаңтар айында осыған байланысты қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалада кәсіпкерлік саласында «Тілдер туралы» заңның орындалу жайына арналған семинар өткізген болатын. Онда кәсіпкерлердің назарын осы мәселеге
аударып, заң бұзушылықтарға жол бермеу тапсырылған еді.
Содан бері бірнеше ай өтсе де семинарда көтерілген мәселеге жеткілікті мән бермей жүрген жекеменшік мекемелер аз емес. Қалада кәсіпорын немесе мекеме маңдайшасына бір ғана тілде, яғни, орыс тілінде жазылған мекеме атаулары көп кездеседі. Ал, маңдайшаға қазақ тілінде жазатындардың арасында грамматикалық қателер жиі көзге шалынады. Осы орайда, қарапайым тұрғындар тарапынан кейде орынды сын-ескертпелер туындап жатады. Сондықтан, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кәсіпкерлердің назарын заңда қарастырылған шеңберде жауапкершілікке тартылатындарына
аударып, мұндай олқылыққа жол бермеуге шақырады.
Гүлназ БАЙМАҒАМБЕТОВА,
Көкшетау қалалық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар