Қайырымдылық жобалары

Қазақстанда қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға қатысу үшін қоғамдық ұйымдар арасында іріктеу басталатыны туралы «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ компаниясының тобындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуетті қатысушылар үшін келесі бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын ұсынады: әлеуметтік және медициналық сектордағы қауымдастықтар мен адамдарға көмек, медиа, мәдени қауымдастық пен адам әлеуетін дамыту бағытында ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, өңірлерді және бизнес бастамаларын қолдау.
Байқау негізінде іріктелген ең үздік қоғамдық ұйымдарға қаржылай көмек көрсетіліп, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру жəне əкімшілік жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан Республикасында көкейтесті және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық және әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.
Қор сингапурлық және малайзиялық аналогтар бо-йынша жұмыс атқарады.
Байқауға қатысу ереже-лерімен www.sk-trust.kz, www.skc.kz сайттарында танысуға болады.
ortcom.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар