Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауымдастықтың бастамасы - АРҚА АЖАРЫ

Қауымдастықтың бастамасы

Көкшетау қаласында облыстық іскер әйелдер қауымдастығы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Халықаралық отбасы күніне орай, «Менің үйім таза» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

№13 «Экос» мектеп-гимназиясында өткен игі істің ашылу салтанатына  туған өлкенің экологиялық мәселелеріне бейжай қарай алмайтын тұрғындар жиналды. Бағдарлама барысында  оқушылардың экологиялық тақырыптағы көрмесі,  «New Fase» модельдер мектебінің  киім үлгісі ұсынылса, сондай-ақ, қағаз қалдығын, шыны және пластик жинау акциясы бастау алған болатын. Мұнда «Экос» мектеп-гимназиясының оқушылары қызықты авторлық  ғылыми жобаларын көрсеткенін атап өткен жөн. Мәселен,  экология пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері, алдағы уақытта өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған халықаралық акцияның қатысушысы,  оныншы сынып оқушысы Александр Гемпельдің электр қуатын үнемдейтін құрылғысы көптің көңілінен шықты. Мектеп-гимназиясының оқушылары акцияда белсенділік таныту нәтижесінде өзге оқу орындарындағы балаларға үлгі  болатынын бірауыздан мәлімдеді. Ал, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жәния Дондағұлова өз кезегінде барлық мектептердің оқушылары ортақ іске жұмылады деп сендірді.
Облыстық іскер әйелдер қауым-дастығының төрайымы Дәмелі Қойшинаның сөзіне жүгінсек, акция 14-31 мамыр аралығында  үш бағыт бойынша  өтпек. Біріншісі, Зеренді тас жолы бойында арнайы экосаябақ үшін бөлінген жер теліміне ағаш отырғызу. Мұнда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың жетекшілігімен «Әйел-Ана», ауған  соғысының ардагерлері мен  Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқан  азаматтардың қатысуымен «Отан қорғаушылар» және мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарының көмегімен «Күн балалары» саяжолына көшеттер егіледі. Өткен сенбі күні 25 қайың көшеті және он түптен долана мен қарағай отырғызылды. Ал, екінші – тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу мәселесі бойынша ұйымдастырушылар  жекелей фирмалармен келіссөз жүргізген. Олар жиналған қағаз қалдықтары, пластик және шыныны келіп алып кететін көрінеді.
Соңғы бағыт ақпараттық-насихаттау жұмысы болмақ. Мұнда «Көкшетау автобус паркі» серіктестігінің бір автобус бағыты бойынша еріктілер тобы жолаушыларға акцияның мән-маңызын түсіндіреді. Бұл арқылы тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру көзделіп отыр. Айта кетерлігі, тұрмыстық қалдықтарды өңдеуден жиналған қаражат тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға берілмек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар