Білектілердің бес алтыны

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен 15-інші Азия чемпионатында жерлес спортшыларымыз бес бірдей алтын медальға ие болды.

 

Білек күшін көрсетіп, бағын сынау үшін Ирак, Пәкістан, Монғолия, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Кувейт, Жапония, Корей республикасы, Үндістан, Индонезия, Малайзия елдерінен ұзын  саны 400-ден астам спортшы сынға түскен.  Жарыс жасөспірімдер мен жастар, ересектер мен әйелдер, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткізілді.
Жарысты Армрестлингтің Азиялық федерациясы, Өзбекстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Армрестлинг федерациясы ұйымдастырды.    
Жерлестеріміз тамаша өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Данил Борисов үшінші орынды, 80 келі салмақ дәрежесінде Андрей Хан үшінші орынды, ерлер арасында 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Олег Сазонов бірінші орынды, Павел Новиков екінші орынды иеленсе, құлағы мүкіс спортшылар арасында 100 келі салмақ дәрежесінде Андрей Путинцев пен 60 келі салмақ дәрежесінде Дмитрий Шубаба бірінші орынға ие болды. Және үш спортшымыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар