Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Беталыс жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Беталыс жақсы

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің 2016 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және жергілікті атқарушы органдардың Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды халыққа түсіндіру жөнінде атқарып отырған  жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

Күн  тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров өз сөзінде облыстың бірқатар көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатардан көрініп отырғандығын алға тартуымен қуантты. Атап айтқанда, өнім көлемі индексінің өсуі, өнеркәсіптегі іс жайының жақсартылуына қарағанда, биыл оң нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне сенім мол. Орташа айлық еңбекақы 94200 теңгені құрап отыр. Өңдеу өнеркәсібінде де нақты көлем индексінің өсімі 110,5 пайызға жеткен. Жыл басынан бері өңірдің негізгі өндіріс орындарының бірі – Степногорск подшипник зауыты мен «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамында да жұмыс жандана түсуде. Мұның өзі негізгі экономикалық көрсеткіштерге де оң әсер етуде. Облыстың респуб-лика көлемінде алғанда жағдайының әзірше жаман еместігі осының айғағы.
Бірақ, әлі де іске асырылмай жатқан мүмкіндіктер мен резервтер аз емес. Облыс әкімінің мәжіліс барысында жетістіктерден гөрі осы олқылықтар туралы айтуы содан. Индустрияландыру картасы бойынша  жыл басынан бері бір нысан пайдалануға берілген. Бұл аз. Кей аудандар осы бағдарлама қабылданғалы оған қатыспай келеді. Іске қосылған жобалар толық қуатында жұмыс істемей отыр. Олардың шикізатпен қамтылуы сын көтермейді. Көбіне 50-60 пайыз ғана өнім береді. Осыны аудан, қала әкімдері мен басқармалар басшыларының жұмысындағы басты олқылықтардың бірі ретінде атай келе, Сергей
Кулагин кредиторлық және дебиторлық қарыздардың өсе түскенін сынға алды.
Былтыр  қысқы жылу беру маусымына 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысы бөлінді. Одан да қайтарым аз. Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалардың жылуға берешегі 2,6 миллиард теңгеге жеткен. Оның 1 миллиард 900 миллионы бұрыннан келе жатқан қарыз болса, 600 миллионы биылғы қарыз. Жылу беру кәсіпорындарында ебін тауып, осы берешектерді қайтарып алудан да, бюджеттен қаржы сұрап, алақан жаю басым. Облыс әкімі бұл жолы да қарыздарды жинау мәселесін қатаң ескерткенімен, нәтижесі қалай болар екен? Өйткені, бұрын да айтылып келе жатқан мәселе орнынан тым баяу жылжуда.
Бір құптарлығы, жыл басынан бері бюджеттің кіріс бөлігі 110 пайызға орындалып, қосымша 131,3 миллион теңге қаржы түскен. Алайда, жұмыстың барлық салалары жіті назарда ұсталмаса, бүгінгі бірсыдырғы тәуір көрсеткіштер төмендеуі мүмкін. Ал, оған ешбір жол беруге болмайды. Әкімдік мәжілісінде алғашқы мәселе бойынша сөз түйіні міне, осыған сайды.
Ал, күн тәртібінде қаралған екінші мәселе қазір бүкіл жұрттың аузында жүр десек, қателеспейміз. Елбасы Жер кодексіне жариялаған мораторий көптің сол күпті көңілін орнықтырып, ел ішінде жер сияқты өте өзекті, шетін мәселе дұрыс шешімін табады деген пікір қалыптастыруда. Қазір жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстар да бұған игі ықпалын тигізетіндігі анық. Бұл жөнінде сөз алған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина өңірде жер реформасы жөнінде арнайы комиссияның құрылғанын айтып, осы бағытта қолға алынған шаралар туралы нақтылы айтып берді. Осы орайда, әсіресе, аузы дуалы қоғамдық жұртшылық және зиялы қауым өкілдерінің, сондай-ақ, халық қалаулыларының күш-жігерімен біраз түсінік жұмыстары жүргізілген.  Ол  халық арасында әлі де жалғастырылмақшы.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин өз сөзінде жер жөнінен туындаған жайларға да баса назар аударып, бұл орайдағы тиісті міндеттерді тағы бір пысықтай түсті. Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар