Тұғырнама ықпалы

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси бюро кеңесінің кезекті отырысында партияның сайлауалды тұғырнамасы мен облыста 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жүргізіп отырған кеңес отырысында  күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров пен партияның Ақкөл аудандық филиалының төрағасы, осы аудан әкімі Теміржан Едігенов  баяндама жасап, партияның сайлауалды тұғырнамасы және Ақмола облысында 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының қалай іске асып жатқандығы туралы айтып берді. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, партияның сайлауалды бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес, жыл аяғына дейін 3052 орынға арналған 35 мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды бала бақшамен қамту көрсеткішін 95,4 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, Еңбекшілдер, Ерейментау, Целиноград аудандары мен Щучинск қаласындағы жалпы көлемі 1780 орынға лайықталған бес мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Облыста үш ауысымда сабақ беретін мектептер жоқ болғанымен, ғимараты жөндеуді қажет етіп отырған білім ошақтары бар. Солардың бірі – Бұланды ауданындағы Алтынды мектебі. Отырыста оның апатты бөлігін жөндеу үшін 224 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайын екендігі айтылды.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар