Бос жатқаны да аз емес

Ауыл шаруашылығы саласында ел тұрғындарының жартысына жуығы  жұмыс істейді. Сондықтан, маңызды экономикалық тетік болып саналатын жер елді мекендерде еңбек өнімділігін арттырып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуда шешуші рөл атқаратыны белгілі.

Жер сенімді әрі тұрақты кіріс көзі болғандықтан,  бос жатпауы тиіс. Оны игере алатын жергілікті азаматтарға сатқанымыз жөн шығар. Басты байлығымыз болып саналатын жерді халықтың мүддесіне сай пайдалану негізгі міндетіміз. Жер еңбек етуге, өнім алуға мүмкіндік беретінін жақсы білеміз. Жер жөнінде айтылғанда шаруа-
лар жөнінде ойланамын. Олардың өмірі жермен тығыз байланысты болғандықтан, жер жөнінде бәрін біледі. Мол өнім алу үшін табиғат пен ауа райының барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.
Жерді оның бағасын білетін адамдарға сатқан жөн. Сондықтан, Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді дұрыс түсінгеніміз абзал. Олар елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Бұдан біз ұтылмаймыз, ұтамыз. Жер кодексіндегі өзгертулер жерді ретсіз пайдалану немесе оның ақшасын алу мақсатында сатылады дегенді білдірмейді. Мақсат игерілмеген жерлерді халық мүддесі үшін тиімді пайдалану болып табылады.
Елбасы кеңесте сөйлеген сөзінде біздің аграрлық сала инвестицияны, фермерлер жаңа аграрлық технологияны қажет ететінін, соларға қол жеткенде ғана бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіре аламыз деп атап өткен болатын. Бұл әрбір қазақстандықтың мүддесімен сәйкесетін жанды пікір.  Шынында да жердің бос жатқанынан елдің игілігіне айналғандығы сөйтіп, сайып келгенде халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға септігін тигізігені жөн емес пе? Елбасының шешімі қоғамымызда тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін.
Тәуелсіздік алған жылдары экономикалық күрмеуі қиын жағдайларды басымыздан кешіргеніміз рас қой. Біртұтас экономикалық жүйе ыдырағаннан кейін ауыл шаруашылығы тәрізді ауқымды дүниені оң жолға қою үшін қыруар қаражат қажет болды. Бұрынғы техниканың барлығы тозған, жаңа ауыл шаруашылығы агрегаттары жоқтың қасы.  Оның үстіне бидайдың да бағасы бір жылы жоғары болса, келесі жылы төмен болып жатады. Негізінен солтүстік өңірде астықтан пайда табу өте-мөте қиын шаруа. Ол үшін  ұдайы жер құнарын арттырып отыру керек. Тыңайтқыштардың бағасы қымбат. Оны кез-
келген шаруа қожалығының иелері сатып ала алмайды. Бос жатқан жерлер де аз емес.  Оларды алабота мен қурай басып, тозып жатыр.
Міне, осындай қиыншылықтарды ескере отырып, өзіміздің күш-мүмкіндігіміз жетпегеннен кейін жердің бар игілігін көру мақсатында жалға беруге де болатын шығар деп ойлаймын. Егер әркім жерді өзінің асыраушысы ретінде бағалай білсе, оның тозуына жол бермес еді.
  Александр ГУСЕВ,
«Поиск» Агрофирмасы» серіктестігінің
бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты. Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар