Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аудан орталығы Аршалы селосында баспана мәселесі қинап келген 16 отбасына ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып, салтанатты жағдайда жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді. - АРҚА АЖАРЫ

Аудан орталығы Аршалы селосында баспана мәселесі қинап келген 16 отбасына ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып, салтанатты жағдайда жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді.

Баспана – басты қуаныш

 

Бұл қуанышты оқиғаға аудан әкімі Азамат Тайжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жаңа пәтерлердің  бесеуі кәмелеттік жасқа толмаған жетім балаларға берілсе, екеуіне көп балалы, ал, үшеуіне әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қол жеткізіп отыр.
– Мен бүгін баспаналы болғаныма шексіз қуаныштымын. Шынымды айтсам, бәрі бұлай оң шешіледі деп ойлай қоймадым. Енді жаңа пәтерімізде ештеңеге алаңдамай, отбасымызбен бақытты ғұмыр кешеміз деген сенімдеміз. Біздерге осындай қамқорлық танытып, баспанамен қамтамасыз етіп жатқан мемлекетімізге мың алғыс, – дейді патронаттық отбасының тәрбиеленушісі Алена Рязанова. Осынау 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 143 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «СК Гросс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Аудан басшылығының сөзіне қарағанда, жаңа тұрғын үй барлық талаптарға сай салынған. Үйдің маңында автотұрақ және балалар алаңы да қарастырылған.
Аудан әкімі өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен қолға алынған «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасының алдағы уақытта да өңірде мүмкіндігінше оң шешімін табатынын айта келе, бұл үшін тек қана Мемлекет басшысының Жолдауындағы алға қойылған міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыра түсу қажеттігін атап көрсетті.  
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар