Науқан қарқын алуда

Аудан диқандары тұқым себу жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізуде. Биылғы жылы мұндағы шаруашылықтар жалпы көлемі 552073 гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарын себуді жоспарлап отыр. Оның  533471 гектары бидай.

Облыста егістік жерінің көлемі жағынан алдыңғы орында саналатын аудан диқандары биылғы көктемгі егіс науқанына ерте бастан дайындалған. Қажетті мөлшерде  61807 тонна тұқым құйып алынды. Осы жылғы егіске 434 К-701 тракторы, 202 шынжыр табанды трактор және алымдылығы жоғары 84 тұқым себу кешені қатысуда. Күндік тұқым себу нормасы 31295 гектар. Жұмысты осындай қарқынмен жүргізген аудан диқандары науқанды жарты айда аяқтаймыз деп отыр. Сәуір-мамыр айларында мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген бағамен 8365 тонна жанар-жағармай алынуы керек болса, қазір сол көлемде қор дайындалды. Яғни, науқанға қажетті жанар-жағармай бар.
Бүгінгі күнге дейін аудан шаруашылықтары 64700 гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдар тұқымын септі. Оның 59200 гектары бидай. Сонымен бірге, 3935 гектар арпа, 1326 гектар сұлы тұқымы себілді. Мал азығының жеткілікті қорын дайындау мәселесін де  шаруашылықтар назардан тыс қалдырмаған. Бүгінгі күні 2004 гектар алқапқа біржылдық, 730 гектар жерге көпжылдық екпе шөп егілді.
Ауа райының қолайлы сәттерін тиімді пайдаланған аудан диқандары таңертеңнен қас қарайғанша егін алқабында жұмыс жүргізуде.

Қалкөз ЖҮСІП.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар