Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нақты нәтижелерге қол жеткізілді - АРҚА АЖАРЫ

Нақты нәтижелерге қол жеткізілді

91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бо-йынша мемлекеттік басқаруға көшу. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу міндеті алға қойылған болатын. Өйткені, қазіргі заманға сай мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі сипаттамаларының бірі мемлекеттік басқарудың жоғары тиімділігі болып отыр. Әлемдік экономикадағы жағдай орталық және де жергілікті деңгейлердегі экономикалық саясатты жүзеге асыруды түзетуге тура жеткізеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңға белгіленген түйінді нысаналы индикаторлар бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының міндеттерін бекіту бөлігіне толықтырулар енгізілді. Осыған орай, биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен облыс әкімі Сергей Кулагин 2016 жылға арналған тиісті түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі өзара Меморандумға қол қойды.
2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында бірқатар индикаторларға қол жеткізілді. Экономиканың базалық салалары бойынша тауар шығару, жұмыстар мен қызметтер көрсету индексі және адам басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 3 пайызға, жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер 6 пайызға орындалды. Мәселен, алғашқы тоқсанда жалпы алаңы 149,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың қаңтар-сәуіріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2,1 есеге жоғары.
Қалған индикаторлар бойынша ақпаратты екінші жартыжылдықта қалыптастыру көзделген. Облыстың автожолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жергілікті полиция қызметінің тұрақты бақылауында. Қазіргі кезде, жол төсемдерін жақсарту бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүрудің болжалды ұзақтығын орташа 70,6 жылға ұзарту мақсатында ауруды ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламасын іске асыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, салауатты өмір сүру салтын насихаттау арқылы өлім-жітімді төмендету бойынша іс-шаралар қолға алынды.
Көкшетау қаласындағы 2 балабақшаны салу, қолданыстағы мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту және қалпына келтіру, шағын-орталықтар мен жеке-
меншік балабақшаларды ашу арқылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 4 пайыздық тармаққа арттыру жоспарланған.
Халықтың жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерін көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында тұрақты түрде мониторинг және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.

Бауыржан МӘЛҒАЖДАРОВ,
облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар