Партия қатары толықты

№1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының  «Нұр Отан» партиясының қатарына өткен бір топ қызметкерлеріне мүшелік билеттерін тапсыру рәсімі болып өтті.

Шарада сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова ортақ игілікке қол жеткізу үшін  азаматтарды белсенді болуға шақырып, партия қатарына қабылданған  60 жаңа мүшеге  соңғы үлгідегі партия билеттерін тапсырды. Бұдан соң аталған мекеменің  директоры Аян Хасенова  сөз алып, мектеп ұжымы партияның жарғысын және бағдарламалық құжаттарын қатаң сақтауда жауапты болатынына сендірді.
Сонымен қатар,  осы күндері «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының жаңа мүшелеріне 120 билет тапсырылса, Астрахан орта мектебінің 17 ұстазы да «№7 Астрахан сайлау округі» бастауыш партия ұйымының қатарын толықтырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар