Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Толғақты мәселелер ортаға салынды - АРҚА АЖАРЫ

Толғақты мәселелер ортаға салынды

Облыстық мәслихаттың хатшысы, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дулат Нұрмолдин Ақкөл ауданы мен Степногорск қаласына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, депутаттар корпусымен және жұртшылық өкілдерімен  жер реформасының негізгі бағыттары жөнінде кездесулер өткізді.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдағаннан кейін Дулат Нұрахметұлы әрбір өтініш-тілектің бақылауда болатынын, сол бойынша тиісті шаралар қолға алынатындығын жеткізіп, одан әрі аталған өңірлердің депутаттық корпусымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Бұл жүздесулерде мемлекеттік және салалық бағдарламалар тиісті бағыттар  бойынша жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларының жүйелі дамып келе жатқаны айтылды. Осы орайда сөз алған облыстық қоғамдық кеңес төрағасы биыл сайланған аудандық мәслихаттардың жаңа құрамы мен жаңадан құрылған қоғамдық кеңестер өңірлердің дамуына лайықты үлес қосып, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында  айтылған тапсырмаларды орындауға  бағытталған шараларды одан әрі жалғастырып әкететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, сайлаушылармен болған бұл жолғы кездесуде Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасы да қызу талқыланды. Кеңес төрағасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталып, әріптестеріне тұрғындар арасында жер реформасын түсіндіру шараларын белсенді жүргізуді ұсынды. Жұмыс сапарының соңында Степногорск орталық қалалық ауруханасы, «ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамы, Ақкөл бассейні секілді бірқатар әлеуметтік, жеке кәсіпкерлік нысандарын аралап көріп, жұртшылық  тарапынан жер, басқа да мәселелер туралы қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар