Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңға өзгертулер енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

Заңға өзгертулер енгізілді

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі №501-V-3PK  Заңымен 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

188 баптың 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не ата-аналары немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша шетелдік тіркеуші органдарда тіркелуіне қарамастан, осы кодексте белгіленген мерзімдерде тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын ата-аналары не олардың біреуінің тұрғылықты жері бо-йынша тіркеген жағдайда, баланың туған жері болып осы елді мекен көрсетіледі».
189  бап: бірінші және екінші бөлімдері келесі редакцияда баяндалады: «Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс. Ал, бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей  медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.
Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен  ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі».
189 бап келесі мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылған: «Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс». Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бала тууын тіркеу кезінде жоғарыда көрсетілген мерзімдерді ұстануды сұрайды.

Маржан ҚАБДӨШЕВА,
Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін  тіркеу бөлімінің жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар