Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев IX Астана экономикалық форумына қатысып, сөз сөйледі.

Тың бастамалар көтерді

 Жалпы отырыс барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Жаңа экономикалық жағдай: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы» тақырыбымен өткен биылғы форумның қорытындысы шығарылды. Отырысқа сарапшылық қоғамдастықтың танымал өкілдері, саясаткерлер, бизнесмендер, ірі қаржы құрылымдарының басшылары қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан Президенті отырыста сөйлеген сөзінде «инклюзивті жаһандану» жолын таңдау қажеттігіне, онда экономикалық өсім әрбір елдің дамуы мен халқының әл-ауқатын арттыруға тиімді трансформацияланатынына назар аударды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жаһандық бастамалар көтерді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы дамушы және кедей елдердегі адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Сауатты, білімді, денсаулығы мықты және іскер адамдарсыз ешбір мемлекет дами алмайды. Біз білім беру мен денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін құру қаншалықты қиын екенін өз тәжірибемізден білеміз. Бұл төзімді, білім мен мол инвестицияны қажет етеді. Қазақстан бұл бағытта жақсы ілгеріледі деп есептеймін. Алайда, бұған қол жеткізе алмаған көптеген елдер бар. Осы мәселені шешу үшін БҰҰ аясында Адами капиталды дамыту қорын құруды ұсынамын. Оның бас-ты міндеті кедей елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту болуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
– Климат өзгерістерінің алдын алу жөніндегі жаһандық бастама өте маңызды, бірақ өзге проб-
лемаларды да ұмытпау керек. Париж келісімі негізінде «Жасыл» экономиканы дамыту мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың жол картасын әзірлеуді ұсынамын. Ол тек зиянды қалдықтарды ауаға таратуды азайтуды ғана емес, жерді, тұщы суды, биоортаны сақтау шараларын да қамтуға тиіс. Бұл ретте жауапкершілікті тек елдер ғана емес, жаһандық корпорациялар да өз мойнына алуы қажет, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы әлемде қазір халықаралық диалогтың сан алуан форматы бар екеніне, жаһандық және өңірлік экономикалық форумдар өткізіліп жүргеніне назар аударды.
– Әзірленіп жатқан шешімдерді нақты енгізу ісінің келісілуі мен үйлестірілуін қамтамасыз ету маңызды. Бұл ретте барлық елдің пікірін ескеру керек. БҰҰ құрылымы аясында немесе оның қолдауымен сондай үйлестіру ісін қамтамасыз ететін арнаулы комитет құру қажеттігі пісіп-жетілді. Қазақстанда қолданылып отырған, 140 елдегі 30 мыңнан астам сарапшының басын қосатын «G-global»  виртуалды интерактивті алаңын белсенді түрде пайдалануды ұсынамын, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар