Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейментау өңіріндегі өрелі істер - АРҚА АЖАРЫ

Ерейментау өңіріндегі өрелі істер

«Ақмола медиа орталығында» Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғымановтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстар туралы сөз болды.

Жер аумағы жағынан облыстағы ең ірі өңірлердің бірі болып саналатын Ерейментау ауданында негізгі жұмыс салалары мал шаруашылығы мен егіншілік десек те, өнеркәсіп те соңғы жылдарда біршама жақсы өркендеп келеді. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тау-кен саласы өндірісі серпінді дамуда. Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында 3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Өсім өткен жылғы осы кезеңдегімен салыстырғанда 5,7 пайызға артық болып отыр.
Ауданда елімізде алғашқылардың қатарында желден электр қуатын өндіру қолға алынып, осы жобаның алғашқы кезегі іске қосылған еді. Бүгінгі күнге дейін осының арқасында 67,3 миллион киловатт электр қуаты өндірілген. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде 300 мегабайт электр қуаты өндірілетін болады. Өңірде сондай-ақ, жылына 1,2 миллион дана кірпіш шығаратын «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС және қиыршық тас өндіретін «Арман Тас», «Компания Арман Гранит» серіктестіктері сияқты тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бар.
Аудан әкімі соңғы екі-үш жылдың көлемінде іске қосылған ірі инвестициялық жобалар жайында да баяндады. Ет өндірумен айналысатын «Торғай», «Абердин Ангус» және «Кеңөткел НС» серіктестіктері мал тұқымын асылдандыру арқылы ет өндіру көлемін арттыра түсуде. Ауданда әрқайсысы 3000 басқа арналған екі мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Новомарковка ауылында да құны 1,1 миллиард теңгенің ет өңдейтін кешені салынуда. Ауданда мал шаруашылығын дамытуға қатысты толымды іс атқарылуда.Қазақтың жабысына қарағанда біршама ірі және жергілікті жерге тез көндіккіш Мұғалжар жылқысын өсіру жобасы қолға алынуда. Қазір «KazHorseMugalzhar» ЖШС осындай асыл тұқымды 900 бас жылқы өсіруде.
Ерейментау ауданында жүзге тарта кеңес заманынан қалған мал қыстаулары бар екен. Үш-төрт үйден тұратын бұл қыстаулар қазір қалпына келтіріліп, бәрі жұмыс істеп тұр. Екі шаруа қожалығы жайылым жерлерін жекеменшігіне сатып алыпты. Брифингте осы мал қыстаулары ауданда мал шаруашылығын дамытуға үлкен серпін беретін негіз болып отырғаны баса айтылды.
– Бүгінгі күнгі алда тұрған ең бас-ты міндет тұқым себу жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтау,» – деді аудан әкімі. – Аудан шаруашылықтары биыл 95604 гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себуді жоспарлап отыр. Егіс көлемі өткен жылға қарағанда 4377 гектарға көбейген. Оның  71187 гектары дәнді дақылдар болса, 57811 гектар алқапқа бидай себілмекші.
Аудан шаруашылықтары нарықта бағасы біршама жоғары және сұранысқа ие майлы дақылдар егуге де жете көңіл бөле бастаған. Биыл  4379 гектар алқапқа осындай дақылдар егіледі. Мал шаруашылығы жақсы дамып келе жатқан өңірде мал азығының жеткілікті қорын жасауға да жете мән берілетін болады. Биылғы жылы аудан шаруашылықтары 19892 гектар жерге біржылдық және көпжылдық екпе шөп егуді жоспарлауда.
Аудан әкімі Ермек Нұғыманов кездесу соңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да толыққанды жауап берді.

 

Қалкөз ЖҮСІП

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар