Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Астрахан, Бұланды аудандарында болып, өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Астрахан, Бұланды аудандарында болып, өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Тоқтамыс ауылының  мектебі жөнделетін болды

 Астрахан ауданындағы «Федоренко и К» командиттік серіктестігінде шаруашылық басшыларымен және селолық округтердің әкімдерімен кездескен өңір басшысы көктемгі егіс науқанын уақытылы, әрі агротехникалық талаптарға сай өткізуді тапсырып, тұрғындарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жаңа нормаларын түсіндірді. Жұртшылық тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
Мұнан соң облыс әкімі Новочеркасск селосындағы таяуда ғана күрделі жөндеуден өткізілген білім ошағында болды. Мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 97,4 миллион теңге қаражат бөлінген. Жөндеу барысында төбесі жабылып, электр желілері толық ауыстырылған. Ішкі кәріз жүйесі мен едені жаңартылған. Қажетті жиһаздар алынған. Мектеп директоры Зұмұрат Әлмаханованың айтуынша білім ошағында 194  оқушы тәлім-тәрбие алуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың 39 баласы жаппай білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған. Білім ошағында өңір басшысы ұстаздармен және оқушылармен кездесті. Мектеп басшылығына білім ошағының алдын абаттандыруға барынша көңіл бөлуді тапсырды.
Одан кейін облыс әкімі №1 Астрахан орта мектебінде де болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті ұлт тілінде тәлім-тәрбие беретін мектепте 343 оқушы білім алады. Мектеп директоры Сәуле Балабаеваның айтуына қарағанда үстіміздегі жылы мектепті күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 98,5 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаражат кәріз жүйесін, терезе-есіктерді, еденді ауыстыруға және білім ошағының төңірегін абаттандыруға жұмсалмақ. Қазір конкурстық жұмыс жүргізіліп, мердігерлер анықталуда. Облыс  әкімі  мектептің ұжымымен кездесіп, олардың тарапынан қойылған әртүрлі сауалдарға жан-жақты жауап берді.
Жұмыс сапарында облыс басшысы Астрахан аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде де болды. Қазір ұжым басшылығы мектеп стадионына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін дайындалуда. Спорт мектебінің директоры Әлібек Баймағанбетовтың айтуынша 400-ге жуық бала спорттың футбол, еркін күрес, баскетбол сияқты түрлерімен айналысады. Мұнда 14 жаттықтырушы жұмыс істейді.  
–Мектеп стадионы тозғандықтан биыл облыстық бюджеттен 70 миллион теңге қаражат бөлінді. Конкурстық жұмыстар жүргізіліп, мердігерлер анықталуда, – дейді мектеп басшысы.
Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін қатаң қадағалауды тапсырды.
– Биыл облыстық «Ақбидай» жазғы спартакиадасы Астрахан ауданында өтеді. Сондықтан, дайын болуларыңыз керек, – деді өңір басшысы.
Бұланды ауданындағы жұмыс сапарын облыс әкімі өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары және селолық округ әкімдерімен кездесуден бастады. Кездесу барысында көктемгі егістің жайы егжей-тегжейлі айтылды. Өңір басшысы кездесуге қатысқан жұртшылыққа Жер кодексіндегі өзгерістерге қатысты пікірін толық айтып берді. Одан соң Тоқтамыс ауылындағы орта мектепте болды. Себебін де айтып өтті.  
– Тоқтамыс елді мекенінің жанынан өтіп бара жатқанда маған осы ауылдың бір тұрғынынан жақында өтініш хат келіп түскені есіме түсті. Мектебіміз ескі, төбесінен су ағады делінген онда. Қолымнан келген бар көмекті көрсетем деп айтуға әдейі ат басын бұрдым. Аудан басшылығына таяу арада жобалық-сметалық құжаттама дайындауды тапсырамын. Мектепті күрделі жөндеуден өткіземіз. Тәуелсіз Қазақстанның балалары мұндай қиын жағдайда білім алуға тиісті емес. Уәдем уәде, биыл күрделі жөндеуге қалайда қаражат табамыз, яғни, мектептің төбесін жөндейміз, әрі қарай жөндеу жоспарлы түрде жалғаса беретін болады, – деді әкім өзінің ұстаздар мен мектеп оқушыларына арнап айтқан сөзінде.
Сондай-ақ, осы күні облыс басшысы Астрахан, Бұланды аудандарының егістік алқаптарын да аралап шықты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар