Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының ұжымын кәсіпорынның негізі қаланғанына
25 жыл толуымен құттықтап, бір топ еңбек ардагерлеріне Алғыс хаттарын тапсырды.
Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 100-ге тарта өнім түрлері шығарылады.
Оның ішінде соңғы 15 жыл бойы «Тұран» брендімен («TURAN») Ресей Федерациясына минералды сулар мен алкоголдік сусындарды тұрақты жеткізіп келеді. Алдағы уақытта зауыт «Asia Water» халықаралық холдингінің құрамында дамудың жаңа дәуірін бастағалы отыр. Кәсіпорында экологиялық таза аймақтардан бутилденген табиғи минералды суды шығару бойынша Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық маңызы бар ең үздік инновациялық қазақстандық кәсіпорынды құруға арналған жаһандық жаңғырту бас-талды. 2020 жылға дейін табиғи минералды судың жылына 400 миллион литрге дейін өндіріс қуатын арттыру жоспарлануда.
Кәсіпорын жұмыс істеген уақыттан бері бюджетке 50 миллиард теңгеге жуық салық төлеген. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында осы кәсіпорыннан облыс бюджетіне 9,5 миллиард теңге салық түсті. Кәсіпорын оған қоса, әлеуметтік мәселеге ұдайы назар аударып келеді. Оған осында жұмыс істейтін 1 мыңға жуық жұмысшының қосып отырған үлесі зор.
– Іргелі кәсіпорын үшін ширек ғасыр көп уақыт емес. Бюджетке қомақты қаржы құйып жатқан оның бүгінгі жетістігі «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының нық қадамдарын айқындайды. Сондықтан, ынтымақты ұжым ел мерейін еселеу жолында екпінді істерімен таныла беретіні сөзсіз, – деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, ұжым мүшелерін кәсіпорын президенті Мұрат
Ахметов құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты