Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс беруші қосымша 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударады - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс беруші қосымша 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударады

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қосымша 5 па-йызын белгілеу есебінен жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін (ШЖЖ) енгізу қарастырылды. Бұл салымдарды жұмыс беруші өтейді, сондықтан, олар азаматтардың меншігі болмайды және мұраға қалдырылмайды.   

Осыған байланысты соңғы кездері халық арасында түсінбеушілік, сенімсіздік орын алуда. Мұның өзіндік себебі де бар. Жұмыс істейтін азаматтар 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аударатындықтан, ЖМЗЖ-ның не үшін енгізілетінін білмей дал болуда. Олардың көпшілігі жаңа өзгерістердің енгізілуіне орай, жұмыс берушілер жалақыны дәл сол 5 пайызға азайтуы мүмкін деп есептейді.   
Еліміздегі азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмен болуына байланысты осындай жағдай орын алып отыр. Ақпараттың қолжетімділігіне қарамастан, елімізде салымшылардың инвестициялық табысын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алып отыр деп ойлайтын адамдар да кездеседі. Мұндай жаңсақ пікір зейнетақы мен қаржы жүйесінің жұмысын түсінбегендіктен туындауда.  
Енді ШЖЖ енгізу мәселесін барынша қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік. Бүгінгі таңда зейнетақы үш бөліктен тұрады, олар – базалық, ортақ және жинақтаушы. Базалық  – ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) 50 пайызы. Зейнетақының бұл бөлігі еңбек өтіліне қарамастан, зейнеткерлердің барлығына мемлекеттік қазынадан төленеді.
Ортақ  зейнетақыны 1998 жылға дейін кем дегенде жарты жыл еңбек өтілі бар адамдар алады (оған ЖОО-да оқыған кезең де кіреді). Яғни, зейнетақының бұл бөлігін 1979-1980 жылдары туған азаматтар соңғы рет алатын болады. Ол да бюджеттен төленеді. Енді жинақтаушы зейнетақы бөлігіне тоқталайық. Бұл әлдеқайда жеңіл. Жинақтаушы жүйе дегеніміз, салымшының өзі аударатын жинақ бөлігі, басқаша айтқанда, 1998 жылдан бастап жалақыдан жеке зейнетақы шотына аударылып отыратын, дәулетті кәрілікті қамтамасыз етуге арналған 10 пайыз зейнетақы.  Осыдан  «зейнетақы бір нәрседен болса да жиналуда, онда ШЖЖ не үшін енгізіледі?» деген сауал туындайды. Мұның сырын анықтау үшін ортақ зейнетақыға оралайық. Сонау Кеңес Одағы кезінде бір зейнеткер үшін төрт адам жұмыс істеген. Төрт еңбеккер тиісті салығын төлеп отырса, бір адам құрметті демалысының рахатын көріп отырған. Алайда, үкімет құлап, дағдарыс орын алған кезде халықтың жұмыс істейтін бөлігі айтарлықтай қысқарды, ал, бұл мемлекет қазынасындағы түсімге де әсерін тигізді. 1998 жылға қарай бір зейнеткерге 1,8 жұмыскерден келіп отырды.      
Бұған қоса, сұрапыл соғыстан кейінгі 50-60-ыншы жылдары бала туу өте жоғары деңгейде  болса, 90-ыншы жылдары бала туу деңгейі өте төмен көрсеткішке түскен. Бүгінгі жұмыс істейтін жастар (25-30 жас) зейнеткерлерді (65-75 жас) толық көлемде қамтамасыз ете алмайды, себебі, жұмыс істейтін халық саны кеңес заманымен салыстырғанда екі есеге азайды. Бірақ, бүгінде бір зейнеткерге шаққанда жұмыс істейтін әрі зейнетақы жарналарын үздіксіз аударатын адамдар саны 90-ыншы жылдардың аяғына қарағанда аздап болса да көбейген, яғни, ол 2,2-ні құрайды. Осы деректерді және 1998 жылға дейінгі еңбек өтілінің барған сайын азайып келе жатқанын ескере отыра, ортақ зейнетақы бөлігін біртіндеп ауыстыру қажеттілігінің туындағанын көреміз.      
Қазақстан халқының белгілі бір бөлігінің БЖЗҚ-ның үлгілі салымшылары емес екенін ұмытпаған жөн, олар зейнетақы аударымдарын өте сирек жасайды, не мүлде жасамайды. БЖЗҚ-дағы 10 миллион шоттың ішіндегі БЖЗҚ-ға үздіксіз жарналар аударатын салымшылар саны 6,4 миллион адамды немесе халықтың жұмыс істейтін бөлігінің 75 пайызын құрайды. Қалған белсенді, бірақ, жарна аудармайтын тұрғындар да (ал, ол 3,5 миллионнан асады) зейнет жасына толғаннан кейін лайықты зейнетақысын алғысы келеді.
Сондықтан, жан-жақты ойластырылып, халықаралық тәжірибені игергеннен кейін ғана заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде базалық зейнетақы да бар. 2018 жылдан бастап 10 жыл және одан аз еңбек  өтілі болған немесе еңбек өтілі мүлдем болмаған жағдайда зейнетақы мөлшері ЕТК-ның  50 пайызына тең болады. Ол әрбір келесі толық жыл үшін 2 пайызға ұлғайып отырады. Яғни, 20 жылдық еңбек өтілі болғанда, базалық зейнетақы 70 пайыз, 30 жыл болғанда – 90 пайыз, ал 35 жыл және одан көп болғанда 100 пайыз  ЕТК-ны құрайтын болады. Бұған қоса,  еңбек өтілі еңбек кітапшасындағы жазбалармен ғана емес, БЖЗҚ-ға тұрақты аударылған зейнетақы жарналарымен де расталуы тиіс.
Зейнетақының жалпы сомасына жұмыс беруші есебінен төленетін жарналар да қосылуы тиіс. Жұмыс берушінің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарналарының басты артықшылығы мынада: жұмыс беруші осы жарналарды аударатын зейнеткер (5 жыл және одан да көп еңбек өтілі болғанда) өзінің шартты зейнетақы шотындағы қаражаты таусылса да, осы құрамдағы зейнетақыны өмір бойы алатын болады. Жинақтар мұраға қалдырылмайтын болғандықтан, жүйеден кеткен (қайтыс болған, басқа жаққа кеткен)  адамдардың жинақтары басқа пулға қатысушылардың шоттарына бөлінеді.  
ШЖЖ үлгісі тәжірибе үшін жасалған жаңа үлгі емес. Бұл Швеция, Норвегия, Латвия және тағы басқа батыс елдерінде толыққанды жұмыс істеп келе жатқан зейнетақы үлгісі.  Ол үздіксіз дамып отырады. Қазақстанның зейнетақы үлгісінде үш тараптың: мемлекеттің, жұмыс беруші мен салымшының қатысуы және олардың мүдделі болуы көзделген. Мемлекет зейнетақының базалық деңгейіне, зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігіне және БЖЗҚ-ның қызметіне жауап береді. Жұмыс берушіге және бәрімізге міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы әрі толық аудару мен қызметкердің шартты-жинақтаушы шоттарын толықтыру жауапкершілігі жүктелген. Өйткені, бұл –  біздің болашағымыз.     

Аяш КЕНШІНБАЕВА,
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
Ақмола облыстық филиалының
директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар