Аршалы ауданында болды

Облыстық мәслихаттың хатшысы, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дулат Нұрмолдин жұмыс сапарымен Аршалы ауданында
болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Облыстық мәслихат хатшысының қабылдауында болған аудан тұрғындарының басым көпшілігі жұмысқа орналастыру туралы өтініштерін айтты. Ал, Моңғолиядан тарихи Отанына оралған Авжат Құрманбай болса өңірді дамытуға қатысты өзінің ұтымды ой-пікірлерін білдірді. Жалғыз шаруашылық мәселесі ғана емес, сонымен бірге ұлтаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетін шаралар төңірегінде де өз ұсынысын жеткізді.
Ұзақ жыл бойы ауыл шаруашылығында тындырымды жұмыс істеген тәжірибелі маман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағалы бастамаларын толық қолдайтындығын айта келіп, «Нұр Отан» партиясына өтуге тілек білдірді. Дулат Нұрмолдин ел жайын ойлайтын азаматтың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, өтінішін ықыласпен қабыл алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар