Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баланың бір бақыты - АРҚА АЖАРЫ

Баланың бір бақыты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы партияның «Бақытты балалық шақ» жобасы  аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, балауса балғындарды төл мерекелерімен құттықтады.

Урюпинка, Ақкөл және Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылған бұл күнгі іс-шаралар облыс орталығында бірнеше жерде өткізілді. Қызғылықты, әрі танымдық тұрғыда өткен әрбір шарадан қамкөңіл балғындар жақсы әсер алып, қуанышқа бөленді. Осы орайда, мерекеге жақсылап дайындалған Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымын ерекше атап өткізіміз келеді. Олар әуелі балалар арасында асфальттағы сурет сайысын ұйымдастырып, одан кейін театр әртістері Сандықтау балалар үйі тәрбиеленушілерінің назарына  Н.Коляданың пьесасы желісімен өрілген «Карлсон қайта ұшып келді» спектаклін ұсынды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» республикалық жобасы аясында қолға алынған «Игі істер театры» жобасының таныстырылымы өтті. Өнер ұжымы жобадан түскен қаржыны туабіткен дертке шалдыққан Мадияр Қарабалин есімді бүлдіршінге Германияда ота жасауға көмек ретінде  жұмсамақшы.
 Ақкөл мен Урюпинка балалар үйінің тәрбиеленушілері де мереке күнгі тартудан құр алақан қалған жоқ. Олар «Көкшетау» мәдениет сарайының «Полянка» би ансамблінің орындауындағы концерттік бағдарламаны тамашалады. Шетелдік музыкамен бірінен соң бірі әдемі өріліп, үйлесім тауып отырған билер жас көрермендерге керемет әсер сыйлап, би әлеміне еріксіз елітіп әкеткендей болды.
Балаларға арналған мерекелік тосын сыйлар мұнымен таусылған жоқ. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы ғимаратының алдында да шағын концерт ұйымдастырылып, демеушілер балғындарға сыйлықтар таратты.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен облыстық білім басқармасының басшысы
Балым Ізбасарова құттықтау сөз сөйлеп, жадыраған жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келген
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні балаларға мықты денсаулық, бақыт тіледі. Облыстық мәслихаттың депутаттары Серік Аяғанов, Елена Мащинская балаларға кітаптар сыйласа, Көкшетау қалалық сүт зауытының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әсен Жақсылықов балмұздаққа тойдырды. «Нұрбанк» акционерлік қоғамының Көкшетау қаласындағы филиалы, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы, «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы филиалы ұжымдарының заттай, ақшалай жасаған сыйлықтары да ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірім мен ізгіліктің шуағындай көрінді. Сонымен қатар, партияның депутаттық фракциясының мүшесі Павел Безвербныйдың демеушілігінің арқасында қырық жасөспірім жазғы демалыстарын «Дискавери» балалар орталығында көңілді етіп өткізетін болды.
«Дәстүр» мейрамханасында түскі ас ішкеннен кейін балалар Ақмола облыстық тарихи-өлкетану және Мәлік Ғабдуллин музейлеріне саяхат жасап, көрікті Бурабай өлкесін тамашалауға аттанып кетті.  
Сөйтіп, өзіміз тағдырдан теперіс көріп жүрген балғындардың бір бақытына балаған бұл күн жас құрақтай жетіліп келе жатқан бейкүнә ұл-қыздардың есінде ұзақ уақыт сақталатын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар