«Көз қорқақ, қол батыр» дейді қазақ. Жақсы жалақысы бар тұрақты жұмыс таба алмай, уақытша кездейсоқ жұмыстармен жан баққан Державинск қаласының тұрғыны Сергей Филиппук осыдан екі жыл бұрын тəуекелге бел байлап, өз кəсібін ашқан еді.

 Шебердің қолы ортақ

Алғашында жағдай қалай болар екен деп қорқақтағанымен, кейін келе қиындықтарды жеңіп, кəсібін өрге бастырды. Бүгінде ол өзі ғана табыс тауып қоймай, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кəсіпкер.  – Бұрын ағашпен жұмыс істеген аздаған тəжірибем болатын. Жұмыссыз қалып, біраз уақыт бос жүрген кезде өз кəсібімді ашсам қайтеді деген ой келді. Содан қолымнан келетін ағаштан бұйымдар жасауды қолға алдым, – дейді Николай Филиппук. Алғашқы кезде ол ауласындағы машина гаражын шағын шеберханаға айналдырып, ағаштан түрлі бұйымдар жасап, сатуға шығарып жүріпті. Қолының ебі бар жігіттің жасаған заттарын жұрт сатып алып жатты. Бұл кəсіппен күн көруге болатынын түсінген ол кейін келе өндірісін кеңейтіп, кəсіпкерлікпен шындап айналысуға бел байлайды. Осылайша 2015 жылы жұмыспен қамту орталығына барып, мамандармен сөйлесіп көрген еді. Орталық мамандары жігіттің ойын түсініп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға кеңес берді. Ол несие алуға өтініш жазып, қажетті құжаттарын тапсырды. Көп ұзамай оның өтініші қабылданып, аталмыш бағдарламаның екінші бағдары бойынша 3 миллион теңге несие алды. Кəсіпкер несиеге берілген ақшаға пластикалық материалдарды кесетін жəне өңдейтін станок са- тып алды. Оған қоса, үйінің ауласындағы алаңнан аумағы 120 шаршы метрлік ғимарат тұрғызып, оны жиһаз цехына айналдырды. Ұсталықпен айналысқан тəжірибесі бар екі жігітті жұмысқа алып, енді өзі түгелдей ұйымдастыру істерімен айналысуға көшті. Шағын жүк машинасын сатып алып, сонымен қажетті материалдарды Қостанайдан, Астанадан əкеледі. Уақыт тала- бына сай жасалған жиһазға тапсырыс берушілер қатары көбейді. Осылайша кəсіпкердің жұмысы алға басып, та- бысы да көбейе түсті. Бүгінде Филиппуктің жиһаз цехы түрлі тендерлерге қатысып, мемлекеттік мекемелердің тапсырыстарын да орындайды. Жеке тұрғындар тарапынан үй жиһаздарына деген тапсырыстар да аз емес. –Дайын жиһазды сатып алғаннан гөрі, үйдің көлеміне, қабырғаның түсіне байланысты оны арнайы тапсырыспен жасатқан дұрыс, – дейді кəсіпкер. – Өлшеу, жобалау жəне жиһазды жеткізу жұмыстары тегін жүргізіледі. Жиһаз цехында алғаш ашылған күннен бері жұмыс істеп келе жатқан Сергей Фролов пен Александр Мосин өз жұмыстарына көңілдері толатынын айтты. Жалақысы жаман емес, ең бастысы қазіргідей дағдарыс кезеңінде тұрақты жұмыстары бар. – Несиемді жабу үшін тоқсан сайын 40 мың теңге төлеймін. Бұл кəсібіме ешқандай ауыртпалық түсірмейді, – дейді ол. Николай Филиппуктің ендігі арманы өндірісін онан əрі кеңейтіп, шығаратын заттардың түрлерін көбейту жəне қала ауқымынан шығып, ауылдық жерлердің тұрғындарынан, мекемелерінен тапсырыстар қабылдау. Жа р қ а й ы ң ауд а н д ы қ ж ұ м ы с п е н қ а м ту орталығының директоры Гүлнəр Серікқызының айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде соңғы төрт жыл көлемінде ауданның жетпістен астам тұрғыны жеңілдетілген несие алып, өз кəсіптерін ашқан. Қазір олардың бəрі өздерінің отбастарын ғана табыспен қамтамасыз етіп қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызып отыр.

Қалкөз ЖҮСІП.

Жарқайың ауданы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар