Əрбір пікір ескерілсе…

Ж а қ ы н д а Же р р е ф о р м а с ы ж ө н і н д е г і р е с п у бл и к а л ы қ комиссияның алғашқы көшпелі отырысы Ақмола облысын- да өтетінін естіп білдік. Мұны өз басым дұрыс шешім деп қабылдаймын. Комиссия көтерген мəселелер халыққа жеткізіліп, жұрттың пікіріне де қ ұлақ түрген маңызды.  

Бұл аграрлы облыс шаруаларына жер мəселесіне қатысты өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда қоғам арасында үлкен пікірталас нысанына айналған жер мəселесін көпке созбай бір ретке келтіретін уақыт жетті. Осы күні еліміз бо- йынша жүргізіліп жатқан жер реформасы бұл мəселенің ақ-қарасын анықтап, соңғы нүктесін қоятынына сенімім мол. Елбасының Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий жариялауы осыған арқау болып отыр. Аталған комиссияның алдында тұрған басты міндет халық арасында пікір тудырған Жер кодексінің нормаларын жан-жақты талқылап, көпшілікке түсіндіру болып табылады. Жалпы, жер мəселесі ауыл шаруашылығы саласымен тығыз бай- ланыста жұмыс істейтіні бізді де алаңдатып отыр. Өйткені, біздің «АгроТрейдинг – 2007» серіктестігінің құрама жем зауытына келетін болсақ, шикізатты ауыл шаруашылығы тауарла- рын өндірушілерден сатып алып, оны өңдейміз де, кейін қайта өздеріне сатамыз. Өндірісті дамыту үшін салаға инвестиция тарту қажет. Сондықтан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді инвесторларға жалға беру маңызды деп санаймын. Инвестиция жұмыс қарқынын арттырып қана қоймай, қазіргі заманғы озық технологияны игеруге мүмкіндік береді. Мəселен, 2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ин- дустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінде іске қосылған біздің зауыт Германияның жаңа технологиясымен жабдықталған, қуаты сағатына 15 тонна құрама жем өндіруге жетеді. Зауыттың құрылысы 2013 жылы қолға алынды. Мұндағы мақсат AGRAVIS концернінің инновациялық технологияларын қолдану арқылы елімізде үй жануарлары мен құстарға арналған сапасы жоғары толық рацион- ды құрама жем өндіру. Жобаның жалпы құны – 1 миллиард 200 миллион теңгені құрады. AGRAVIS бренді бүкіл əлемнің ауыл шаруашылығы өндірушілеріне белгілі. Бұл кəсіпорынның мүмкіндіктері өте жоғары. Əдетте құрама жемді шағын мөлшерде алатын үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары үшін көтерме-бөлшек сауда жүйесі құрылған. Зауыт AGRAVIS концернінің мал азығын дайындаудағы көпжылдық тəжірибесі ескеріліп, солардың технологиясы бойынша салынған. Ішіндегі қондырғылар жетекші швейцар өндірушісі Bühler желісімен жабдықталып, монтажын «Bosche Systembau GMBH» фирмасы жүзеге асырған. Кəсіпорын Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілгендіктен, мемлекет тарапы- нан қолдау-көмек көрсетілді. Қазіргі кезде осы жерде өндірілген біздің құрама жемді Ресейдің Омбы, Түмен облыстары мен көрші Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтары тұтынуда. Кəсіпорын жақында толық қуатына шықса, 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Сол себепті, жерге қатысты айтылған халықтың əрбір пікірі ескерілуі керек. Ескеріліп қана қоймай заңның əрбір бабы бойынша Елбасының айтып отырған тапсырмасын халықтың ортасына барып, түсіндірілуі тиіс. Ең бастысы халыққа ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту маңызды екені жеткізілуі қажет. Сонда ғана бір нақты шешім шығаруға болады. Бүгінгі күні еліміздің əр өңірінде құрылған комиссия осы жұмысты ойдағыдай атқаратынына сенім мол.

Сергей МИЛЕНКО, «АгроТрейдинг – 2007» ЖШС-нің директоры. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар