Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫН АЗАЙТЫП, АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ - АРҚА АЖАРЫ

ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫН АЗАЙТЫП, АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

«Туберкулез» деген сөзге ес біліп, есейе бастағаннан қанықпыз. Жүдеу көрініп, жөтеле беретін сол жандарға іштей бір жанашырлық сезімі біздің бала жүрегімізде де кəдімгідей мен мұндалап тұратын. Бір жақсысы, ондай адамдар біздің өмір жолымызда көп кездесті дей алмаймын. Əрі кетсе бірен-саран болар. Кеңес өкіметі аурумен күресе білуші еді ғой. Жаз туса, ауылымыздың қотанына флюорографиялық жылжымалы қондырғы да сап ете түсетін. Жылда сатысымен көтеріліп, біз, балалар да өкпемізді тексертетінбіз. «Деміңді ішіңе тарт, сыртқа шығар» деген сөз сол кезден-ақ санамызда жатталып қалған.

Бұл сырқаттан қазақстандық білікті дəрігерлер көшін бастап тұрған ол кезде Қоңыратбек Құрманбаев ағамыз еді. Көкшетауға келіп, облыстық газет- ке орналасқан соң, бір-екі мақаласын ұйымдастыру, сұхбат алу бақытына ие болдық. «Бақытына ие болдық» деген сөзіміз де тегіннен-тегін емес. Туберкулезбен күресті кəдімгідей өмір мəніне айналдырған тамаша жанмен сол жүздесулерді бүгінде өзі жоқта, қалай бақытқа теңемессіз. Жылдар, ондаған жылдар күресіп ке л е м і з . Ə л і б ə с е ң с і р т ү р і жо қ . Туберкулезді əлеуметтік сырқат дегені рас. Ана бір халықтың тұрмысы күрт төмендеп кеткен ауыр кезеңде бұл ауру да жиі бой көрсетіп, науқастардың санына ие бола алмай қала жаздаған кездер де бол- ды. Қазір шүкір, кері шегінді. Ол кімнің арқасы дер едіңіз. Біріншіден, жағдайды түсініп, шұғыл шаралар қолданып, қауіпті дерттің бетін бері қаратқан Үкіметтің пəрмені. Жергілікті жерде сол шаралардың бір жағынан шығысып, ауыр жағдайды тежеген облыстың өз қажыр- қайратын қайда қоясыз?! Бірақ, бəрінен де күні-түні сол жұқпалы аурумен бетпе- бет келіп, адам өміріне арашашы болып жүрген дəрігерлерді, медбике, санитар- ларды айтсайшы. Басты еңбек солардікі. Бұған сəл кейін тоқталармыз. Ал, əзір жуырда облыстық мəслихаттың əлеуметтік мəселелер жөніндегі тұрақты комиссиясында осы туберкулез ауруына қарсы күрес мəселесі қаралатын болып, комиссияға алдын ала сол мəселені да- йындау үшін жұмыс тобы құрылғанын ай- тар едік. Содан бері бұл жұмыс тобының жетекшісі, облыстық мəслихаттың депутаты Əлібек Баймағамбетовтың т ө р а ғ а л ы ғ ы м е н т о п т ы ң б і р н е ш е мəжілісі де өтіп үлгерді. Ол отырыс- тар күлтібілемсіз қызу өтті. Алдымен, алғашқы отырысқа жоғарыда айтқан Қ.Құрманбаев ағамыздың атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дəрігерінің орын- басары Айман Темірханованың мұқият дайындалып келгенін айту керек. Көп деректер келтіріліп, аурудың себеп-сал- дарлары ортаға салынды, келелі пікірлер өрбіді. Бұрын да көріп жүргеніміздей, Ə.Баймағамбетов ха лықтың мұң- мұқтажына сергек қарайтын депутат. Ойы – сеніп тапсырылған мəселені тұрақты комиссияға жан-жақты, жақсылап дайындау. Сол үшін де топ мүшелері жағдайды өз көздерімен көру үшін Бура- бай, Бұланды аудандарындағы туберкулез ауруына қарсы балалар санаторийлеріне барып келді, Мариновкадағы емдеу ор- нында болды. 2015 жылы елімізде туберкулез ауруының таралуы қалай болды десек, əр 100 мың тұрғынға 90,6 науқастан келген екен. Соның ішінде біздің Ақмола об- лысында 105,9. Жылма-жыл жағдай бері қарап келе жатқанымен, өзге облыстармен салыстырғанда əлі орта тұстамыз. Оған себеп, Көкшетау қаласы мен Аршалы, Бұланды, Қорғалжын сияқты аудандар- да осы дертпен сырқаттанушылықтың 116,9 – 127,4 шамасында болуы. Ал, Степногорскіде 173-ке бір-ақ жетіп тұр. Неге? Бар гəп осындағы ауру ошағы бо- лып отырған түрмеде. Құрамында облыстық мəслихаттың маманы Гүлдарай Манапқызы, Əлібек Баймағамбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл жəне осы жолдардың авторы бар жұмыс тобы туберкулез ауруына қарсы күрестің жай-жапсарымен танысу мақсатында Көкшетаудағы осы салаға қарайтын емханаға келгенінде, алдымыздан облыстық диспансердің бас дəрігері, медицина ғылымдарының докторы Қасымжан Тəшіметов пен орынбаса- ры Айман Темірханова тосып алды. Бірден келген шаруамызға ойыстық. Кезінде туберкулез ауруына тексерілетін адамдардың қала шетіндегі диспансерге қатынауы қиынға соққандықтан, тері- венерологиялық аурулар ауруханасынан осы ғимарат жалға алынған екен. Қазір ол диспансердің өз балансына көшіпті. Мұнда облыстық диспансерде емделіп шыққан 32 науқас күндіз келіп, əрі қарай ем алуда. Бөлмелер мұнтаздай таза, қызметкерлер өз орнында. Науқастар күнделікті ем-домын қабылдап қана қоймай, үйлеріне белгілі бір мөлшерде азық-түлігін де ала кетеді. Бұл əдетте, күшті дəрілерді ішетін сырқаттардың тамағы дұрыс болсын деген ниеттен туған əлеуметтік қорғау орындарының көмегі. Қияр, қызанақ дегенді үйіңде де күнде көре бермесің аян. –Ал, мұнда ол жүйелі беріліп тұрады, – дейді əлеуметтік қызметкер Асхат Уəйісов. Бірақ, «үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, 2-інші Дачный аялда- масынан бұрылатын Көктем көшесіндегі 13 үйге келгенімізде, емханадан алған осы жақсы əсерден сейілген тұмандай ештеңе қалмады. Жұмыс тобының мүшелері мұнда біз болған емханада ауруханадан кейін ем қабылдап жүрген Анна Охматтың тұрмыстық жағдайын өз көздерімен көре кету үшін соққан еді. Науқастың тұрмысы тұрмыс болмай шықты. Үйі үй емес, кəдімгі лашық. Тар жерде өзі мен күйеуі, 4 баласы аздай, ата-анасы, тағы бөтен біреулер толып жүр. Кір-қожалақ үстелде емханадан тиген көкөніс. «Бəрі қосылып, арақ ішіп отырған жоқ па?» деген ойда қаласың. Анна Охматыңның өзі де барып тұрған қырсық. Мына жағдайды көріп аяушылық білдірген Əлібек Баймағамбетовтің «құжаттарыңызды жинап, үй кезегіне тұрыңыз» деген жанашыр сөзін де құлаққа ілмей, «тұрмаймын» деп шалқаяды. –Ұлдарыңыз бала бақшаға бара ма? –Барады. «Звоночек» бақшасына. Дəрігер фтизиатор Анжелла Вольф: –Иə, тегін барады санаторлық топқа… –Біз көмектесіп, екі баланы жаз бойы кəдімгідей санаторийге жібертейік. Бұл екі ортада сіз де дертіңізден сауығасыз. Əйтеуір, балаларға жұқпасын. Түсінер Аннаңыз жоқ. «Бармайды, өзім білем» дейді тағы кергіп. Міне, туберкулездің бой бермей тұруының бір себебі осында. Яғни, Анна сияқтылардың бұл жауапсыздығымен балаларының да денсаулығының түбіне жететінін ойланбауы, дəрігерлер мен жұмыс тобы мүшелерінің сөзін жау көріп, бойындағы сырқатын өзгеге жұқтыратынын біле тұра, қайтсе де кері тартып, қасарысып бағуы. Бірақ, жұрттың бəрі Анна емес қой. Осы ауруға шалдығып, тұрмыс жағдайы биліктің көңіл бөлуін қаласа да, бірер бөлмелі бір баспанаға зар болып, қолы жетпей жүргендер қаншама. Осы санаттағы науқастарға пəтер бөлінді дегенді естісең тəубе дер едің. Осындай-осындай он сан оймен ендігі бағытымыз – облыстық туберкулез диспансеріне де келіп қалыппыз. Қаладан шығатын Көкшетау–Қостанай жолынан 600 метрдей ғана бұрылыста. Сол қысқа жолдың өзі адам көргісіз. Анда-мында айтыла-айтыла жауыр болған. №17 автобус тоқтайтын аялдамаға дейінгі осы тұтамдай аралықты түзеп беруге қауқарымыз жетпей отырған соң, не сұрайсыз? Диспансер ауласына да жедел жəрдем көлігі тоқтай қалып еді, шаң бұрқ етті. Осы арамен əрі-бері серуендеп науқастар жүреді. Өкпемен ауырып келіп, оларға да шаң жұтып жатқаны қайбір жақсы. Денсаулық саласына, оның жай- күйіне жан-тəнімен берілген Қасымжан Тəшіметов т аңғы жетіден ас а өз жұмысында отыратын көрінеді. Былтыр екінші қайтара осы емдеу орнының тізгінін ұстаған. Ал, биыл оның аумағын көркейту жоспарына дейін түзіп қойыпты. – Мына жер науқастардың дем алатын орны, мына ара автотұрақ болады, – деп бəрін қолмен қойғандай көрсетіп жүр. Жаз шықты, енді далада, таза ауада науқастарға жылқы еті мен қымыз да беріліп отырмақшы. Рас, 600 метрге шамалары жетпегенімен, диспансер аумағына өз күштерімен асфальт та төсеп көрмек. Несі бар, тынымсыз басшыға сенесің. Қазір мұнда 160 науқас ем қабылдап жатыр. Өкпе терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі Марина Осипованың ара- латып, көрсетуімен көп нəрсені көзден де өткердік, көңілге де түйіп шықтық. Əл үстінде түсіп, 2-3 айдан бері əлі бері қарай алмай жатқан ауыр науқастар да, сырқатынан жеңілдеп, аяқ басыстары ширағандары да бар. Анық көзіміз жеткені, дəрігерлер аянып жатқан жоқ. Осыны бізді көріп, ақ көңілден ақ алғысын іркіп қала алмаған ақкөлдік Ғабиден Қалиев та қостай түседі. Басқа аурухана- лардай емес, мұнда күнұзақ аузы-мұрнын тұмшалап, респиратормен жүрудің өзін, бір сағат аурухананы аралаған сенің өзің əзер шыдасаң, оңай деп көр. Сақтық үшін ереже соны талап етсе, қызметкерлер де екі етпей, көндігіп алған. Ал солай бола тұра, айлық аз. Науқастарға күніне алты мезгіл ас-суын ұсынып, ара-арасында əлгіндей респира- тормен жүретін аспаздарға қолға тиетіні небары 36-40 мың теңге ғана. Оқуларын Қарағанды мен Астанадан бітіріп кел- ген жоғары білімді мамандар Дидар Нүкенов пен Айнұр Бексейітованың айлық жалақылары 95 мың теңге. Алайда, алдыңғысы соның 50 мың теңгесін жалдап тұратын пəтеріне береді. Қолына қалатыны 45 мың. Осыдан кейін дəрігерлер тақа тұрақтай қойсын ба?.. Бұл орайда, ойласа, тек ортақ мүддені ғана ойлайтын бас дəрігер диспансерге тым болмаса, оқу бітіріп келген Дидар- лардай жастар тұратын қызмет пəтерінің бөлінуін көксейді. Қаланың сыртында орналасқан ауруханаға əсіресе, қақаған қыста қызметкерлердің қатынауы да бір мұң. Себеп? Себеп, диспансердің өзінде қызмет автобусы да жоқ. Олай болса, негізінен, əйелдер жұмыс істейтін бұл мекемеге қызметкерлерді үйлеріне алып барып, алып келіп отыратын сондай бір көлік бөлінсе де артық емес-ау. Үкімет республикалық, облыстық бюджеттен мұндай диспансерлердің бəрін дəрі жағынан толық қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан, бұл жағынан тапшылық жоқ. Оның есесіне басқа мəселелерде алаңдаушылық аз емес. Салынғанына қырық жылдан асқан негізгі корпустың сыртымен қоса, іші де ескіре түскен. Қолдан келгенше сылап- сырлап, күтіп ұстағандарымен, көненің аты көне, бүгінгі заман талабынан көш кейін қалғаны көрініп тұр. Бұл – əрине, ғимаратқа күрделі жөндеу қажет екенін білдірсе керек. Жұмыс тобының жетекшісі Əлібек Баймағамбетов тəтпіштеп сұраған сайын жаңа бір мəселе туындайды. Бір қарағанда, жеңіл-желпі көрінетін, алай- да, күнделікті жұмысқа ауадай қажет кішігірім құрал-жабдықтардың өзінде тапшылық бары сезілмей қоймайды. Туберкулез жас таңдамайтын сырқат. Бірақ, дұрыс емделсе, адам толық жазыла- ды. Диспансердің ана бір жылы жаңадан салынған балалар корпусында 20 бала емделуде. Олар оқуынан қол үзіп қалмауы үшін жас ерекшеліктеріне қарай төрт кабинет жабдықталған. Қала шетіндегі №10 орта мектептің мұғалімдері келіп, сабақ беріп тұрады. Міне, осындай сырқат балаларды оқытуға келер жылдың бюджетіне қаржы қарастыру мəселесі де ойланта түсуде. Биыл Бас прокуратураның жүргізген тексерістерінің нəтижесінде бірқатар облыстарда туберкулез ауруымен ау- ыру оқиғаларын жасыру фактілерінің анықталғаны белгілі. Ақмола облысы ондайдан аман. Қайта біздің дəрігерлердің осы сырқатқа қарсы күрестегі кейбір і с — т ə ж і р и бе л е р і н р е с п убл и ка л ы қ деңгейде басқа өңірлерге тарату жағы қарастырылуда. Енді бірер күннен кейін өтетін облыстық мəслихаттың əлеуметтік мəселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жұмыс тобы туберкулез дертіне, оның алдын алуға қатысты бар көріп-білгендерін ортаға жайып салары анық. Бұл үшін біраз мəселе жинақталып, қорытылды да. Қалғаны – осы отырыста, одан əрі мəслихат сессиясында дұрыс шаралар қарастырылып, жұқпалы да қауіпті дертпен тиімді күресе білуде.

 

Қайырбай ТӨРЕҒОЖА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар