Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапкершілікпен қарайтын маңызды мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Жауапкершілікпен қарайтын маңызды мәселе

Заңның дұрыс орындалуын қадағалау прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бұлжытпас қағида Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рəміздер  туралы» заңына да қатысты. Құқықтық мекеме ретінде біз Елтаңба мен Тудың, Əнұран мəтінінің мемлекеттік мекемелерде, басқа да ғимараттарда дұрыс орналастырылуын жіті қадағалаймыз.

Еліміздің əрбір азаматы елдік нышандарды көздің қарашығындай сақтап, оларға құрметпен қарау керектігін айтқызбай-ақ білуі тиіс. Сайып келгенде, Отанға деген сүйіспеншілік сезім оның мемлекеттік рəміздері секілді басты құндылықтарын қадірлеуден басталады. Еліміздің Мемлекеттік рəміздері күні жиырма жылдан астам уақыт бойы маусымның 4-інде атап өтіліп жүр. Өзіміздің дербес мемлекеттік рəміздеріміздің болуы тəуелсіз Қазақстанның алға нық қадам басуына негіз болды. Мемлекеттік рəміздер қоғамның саяси мəдениетінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Әрі рухани мəдениетті дамытуға септігін тигізіп отырады.
Осы орайда, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандарты енгізілгеніне ерекше тоқталып өткім келеді. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу комитеті төрағасының 2015 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 989-2014 «Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы». Техникалық шарттар»  атты жаңа ұлттық стандарты қолданысқа енгізілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес,  ұлттық стандартта белгіленген  Мемлекеттік Елтаңбаға қойылатын талаптар барлық жерде міндетті болып табылады. Мұндай өзгертулер бостан-босқа жасалып отырған жоқ. Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық параметрлері мен түсінің нұсқасын бақылауға қатысты кемшіліктер анықталғандықтан, бес жыл бойы қолданыста жүрген ұлттық стандарт қайта қаралды.  
Аталмыш стандарт ережесін қайта қарау қажеттілігі жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін сапасыз  дайындау мен қолдану,  соның ішінде оларды  Мемлекеттік рәміздер нарығында дұрыс пайдаланбауға қатысты шағымдардың жиілеуінен туындап отыр. Қазіргі ұлттық стандарт 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Ал, одан кейін тиісті мекемелер ескі үлгідегі Елтаңбаны жаңа стандартқа ауыстыруға міндетті. Әрине, келер жылға дейін біршама уақыт бар. Дегенмен, тексерістер кезінде қандай да бір кемшіліктердің орын алмауы үшін бұл жауапты іске қазірден қамданғанымыз жөн.
Жоғарыда айтып өткенімдей, «Мемлекеттік рəміздер туралы» заңның сақталуы əркез біздің бақылауымызда. Мәселен, соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік органдарда 31 тексеріс өткіздік. Нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою туралы 17 ұйғарым шығарылды, заңның 12 түсініктемесі берілді. Прокурорлық жауап қайтару актілерін қарау нәтижелеріне сүйенсек, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 67 заң бұзушылық жойылды.

Мереке күні  мұндай құқық бұзушылықтар жайлы сөз қозғаудың өзі ыңғайсыз көрінгенімен, алдағы уақытта ондай кемшіліктер қайталанбас үшін  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 458-бабына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді заңсыз қолданған жағдайда
лауазымды тұлғалар екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтінін әркімнің біле жүргені абзал. Заң үстемдік еткен жерде қашанда тәртіп болатынын ұмытпаған жөн.   

Сөз соңында барлық жерлестерімізді Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтап, егеменді еліміздің өркендей беруіне тілектестігімді білдіремін.

Манарбек СƏДУОВ,
Ақмола облысы прокурорының
орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар