Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қаражатты өңірлер арасында қайта бөлуге қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

– Тың баяндамаларға қарамастан, барлық өңірлер осы бағдарлама бойынша қажетті ресурстардың бәрін дер кезінде игере алады дегенге күмәнім бар. Сондықтан, Ұлттық экономика министрлігіне осы аптада ұсыныстар енгізуді тапсырамын, ал келесі сейсенбіде мұны істей алмайтындарға арнап қайта қараймыз. Кім жақсы орындайды соған береміз», – деді К.Мәсімов Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қарата сөйлеген сөзінде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар