Айшықты сән үлгілері

«Достар» мәдениет сарайында «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы және өңірлік әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Неофольклор» дизайнерлер байқауы болып өтті.

Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жобасы мен Қазақстандағы БҰҰ-ның «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты даму бағдарламасы шеңберінде өткізілген байқаудың мақсаты қазақтың дәстүрлі ұлттық киім үлгілерін заманауи сән үрдістерімен ұштастыру болды.
Сән сайысында Аршалы, Шортанды, Атбасар, Бурабай аудандары және Көкшетау қаласындағы  Ақан сері атындағы мәдениет колледжі мен құрылыс техникалық колледжінен келген дизайнерлердің сән үлгілері көрсетілді. Киім үлгілерінің барлығы дерлік ұлттық оюлармен өрнектеліп, әртүрлі нақышта безендірілген. Бұл орайда, дизайнерлердің шеберліктерін
атап айтуға болады.
Соның ішінде ерекше көзге түскен Щучинск қаласындағы «Vesta-Бурабай» тігін салонының дизайнері Екатерина Жукованың киім үлгісі бірінші орынды иеленіп, ол Тараз қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Ал, атбасарлық дизайнер Ботагөз Әбінова мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 4-курс студенті Айнаш Болатқызы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Байқау жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тұмарым БАБАСАНОВА,
А. Байтұрсынов  атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар