Облыс орталығында Ұлы Жеңістің 71 жылдығы құрметіне, Кеңес Одағының Батыры, академик, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған XIV дәстүрлі республикалық бокс турнирі өткізілді.
Жарысқа Астана, Ақтөбе, Петропавл қалаларының мықты командалары қатысты. Бәсекелі додада Зеренді ауданының намысын қорғаған біздің Қызылтаң орта мектебінің он спортшысының төртеуі жүлделі орындарды жеңіп алып, ауданның мерейін асқақтатты. Болат Бегежанов пен Дастан Амантай бірінші орынды иеленсе, Нариман Жағыпаров, Дәурен Беказинов үшінші орынға табан тіреді. Бұған қоса, төрешілердің шешімімен Дастан Амантай турнирдің ең үздік боксшысы атағын иеленді.
Айдана ШАЙХИНА,
Қызылтаң орта мектебінің
10-сынып оқушысы.
Зеренді ауданы.