Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рамазан – он екі айдың сұлтаны - АРҚА АЖАРЫ

Рамазан – он екі айдың сұлтаны

Мұсылмандар үшін ең қасиетті ай саналатын Рамазан айының басталуына  орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қанат Қыдырмин журналистермен кездесіп,  Рамазан айының атқарылған жұмыстар,  ораза ұстаудың тәртіптері мен шарттары туралы баяндап берді.

Ислам дінінің бес ұстыны саналатын бес парыздың бірі – Рамазан айында ауыз бекіту. Қасиетті Құранда: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» делінген. Бәлиғат жасына толған, дені сау, өзін мұсылманмын деп санайтын әрбір адам қасиетті айда ауыз бекітуі парыз. Яғни, таң қылаң берген уақыттан, күн батқанша тамақ пен судан бас тартып, ерікті түрде ашығады. «Рамазан қайырымдылық айы, бұл айда бай да, кедей де Алланың разылығы үшін таңертеңнен кешке дейін ауыз бекітеді» – дей келе, облыстың өкіл имамы аштықтың не екенін білмейтін бай адамдар осы айда ораза ұстау арқылы аштықты, сол арқылы кедейшіліктің жайын түсініп, қайырымдылық жасауға ниет ететінін атап өтті.
Рамазан айында Науан хазірет атындағы орталық мешітте атқарылатын үлкен шаруалардың бірі – хатым түсіру, яғни, қасиетті Құранды тарауық намаздарында ай бойы түгелдей жатқа айтып шығу. Қорғалжын ауданының аумағындағы Сабынды ауылындағы медреседе оқитын Құранды түгел жатқа білетін бес оқушы қари Рамазан айында орталық мешітке арнайы келіп, хатым түсіреді екен.
Рамазан айы қарсаңындағы тағы бір жағымды жаңалық, Нұр-Мүбарак мешітін облысымыздың бір топ жастары бітіріп келмек. Олар ауылдардағы мешіттерге қызметке жіберіледі, яғни, ауыл мешіттері білімді имамдармен толықтырылмақ.
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір кісіге берілетін пітір садақа мөлшерін 200 теңге көлемінде белгілеп отыр. Әр мұсылман баласы отбасындағы адам санына қарай екі жүз теңгеден пітір садақа береді. 5 маусымда ниетке кіріп,  29 күнге созылатын ораза айы бойы күн сайын кешкілік барлық мешіттерде тарауық намазы оқылатын болады. Науан хазірет атындағы орталық мешіт Рамазан айында екі жүздей ауыз бекіткен мұсылман қауымға күн сайын тегін ауыз ашар ұйымдастырғалы отыр. Оған бірқатар қайырымды кәсіпкерлер демеуші болыпты.
Ораза ұстау үшін әрбір мұсылман баласы ең алдымен ниет етуі керек. Биылғы жылы Қадыр түні шілденің 1-нен  2-не қараған түнге тура келіп тұр. Ал, 5 шілдеде облысымыздың барлық мешіттерінде таңертең айт намазы оқылмақ.
Облыстың өкіл имамы бұдан кейін журналистер тарапынан қойылған әртүрлі сауалдарға толымды жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар