Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңды белден басады - АРҚА АЖАРЫ

Заңды белден басады

Соңғы кезде өңіріміздегі электр қуатымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар 2015 жылдың 25 ақпанындағы Қазақстан  Республикасының Энергетика министрі бекіткен электр энергиясын пайдалану қағидаларының  талаптарын жиі бұзуда.  Тұтынушылар электр қуатының құнын төлемеген жағдайда тиісті хабарлама жасалмай, бірден электр желісінен ажыратылады. Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін тиісті жұмыс жүргізілуде. Қағидалардың 51-тармағына сәйкес, электр қуатымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар арнайы шартта белгіленген мерзімінде тұтынушылар төлем жүргізбесе ғана электр желісінен ажыратады. Ол үшін үш күн бұрын жазбаша хабарлама ұсынады. Ал, мекеме мен кәсіпорындарға бір ай бұрын электрондық пошта мен факсқа хабарлама жолдау арқылы ескерту жасалады. Егер талап орындалмаса, электр желісінен ажыратылатын болады.    
Белгіленген мерзімде электр қуатының құны төленбеген жағдайда электр жүйесінен ажыратылатыны алдын ала ескертілуі керек. Осыған байланысты электр қуатымен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың белгіленген мерзімнен бұрын электр желісінен ажыратуы қағидалардың 51-тармағында көрсетілген ережеге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Ержан ЕРТАЕВ,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар