Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа су құбырлары тартылуда - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа су құбырлары тартылуда

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті БАҚ өкілдері Көкшетау қаласындағы жылу берумен және сумен жабдықтау нысандарында болып, инвестициялық бағдарламаларды орындау барысымен, сондай-ақ, осы бағытта қолға алынып жатқан  жаңа жобалармен танысты.

Баспасөз саяхаты барысында журналистер облыс орталығының іргесіндегі Краснояр кентінде салынып жатқан модульді жаңа қазандықтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазандық  2015 жылғы инвестициялық бағдарламаның жемісті нәтижесі болып саналады. Бағдарлама аясында бөлінген 262 миллион теңгені «Көкшетау Жылу» коммуналдық  кәсіпорны сапалы әрі толық игеріп отыр. Нысанға алдын ала сынақ жүргізілген. Тамыз айының басында қазандықты пайдалануға  беру көзделген. Қазіргі кезде кенттегі әлеуметтік нысандар мен  тұрғын үйлерді біртіндеп іске қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.
– Бұл құрылысты іске қосу  23 көп пәтерлі тұрғын үйді, 12 заңды, 6 әлеуметтік-мәдени нысанды жылумен қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді. Бұдан кейін Станционный және Бірлік кенттері кезекте тұр, – дейді «Көкшетау Жылу» коммуналық кәсіпорнының инженері Олег Маркин.  
Қазіргі уақытта Горький көшесі мен базар аумағы, Қопа көлінің бойындағы жылу торабының екі жарым шақырымына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биылғы жылы ауыз суды тасымалдап ішіп отырған Воровской көшесі тұрғындарының да су мәселесі шешімін таппақшы.
Бұл көшенің бойында ұзындығы 560 метрлік су құбыры тартылуда. Сол себепті, осы аумақтың тұрғындары орталық желіге қосылып, үй ішіне дейін су тартып алуларына болады.  Сондай-ақ, көше бойы құдықтар орнату да жоспарланған.
Жалпы, қала бойынша инвестициялық жоба аясында  барлығы 4 шақырымға жуық су құбыры желілерін ауыстыру көзделіп отыр. Осы күні оның 3 шақырымы Капцевич, Жеңіс көшелерінің бойында ауыстырылып жатыр.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар