Тынымсыз күрес қана нәтижесін береді

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұл жолда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Алайда, шешімі күрделі мәселелер де бар. Солардың бірі – қоғамымызды қатты алаңдатып келе жатқан сыбайлас жемқорлық мәселесі.

Елімізде осы проблеманы шешу үшін қабылданған заңдар, атқарылып жатқан шаралардан кенде емеспіз. Дегенмен, оның нақты нәтижесіне әлі толық қол жеткізе алмай келеміз. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына қарамастан, әсіресе, лауазымды тұлғалар жасаған қылмыстар алаңдатпай қоймайды.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту үдерісін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болатынын атап көрсеткен болатын. Яғни, бұл – мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу сая-
саты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Аталған қылмыспен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың да маңызы зор екенін бірте-бірте түсіну үстіндеміз.  
Көкшетау қалалық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясында осы бағытта біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылықтың алдын алуы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң нормаларын сақтауы жіті бақылауда. Тұрғындар инспекция қызметкерлерінің теріс әрекеттері туралы сенім телефонына хабарлай алады немесе ұсыныс жәшігіне хат тастауына болады. Күні бүгінге дейін жұртшылық тарапынан әріптестеріміздің жұмысына қатысты мұндай арыз-шағымдар түскен емес. Бұл да өз кезегінде осы бағытта атқарылған іс-шаралардың нәтижесі деген ойдамыз. Алдағы уақытта да осы беттен таймай, мемлекеттік қызметіміз заң аясында жалғаса беретін болады.  

Тұрсынтай ӘБІШЕВ,
Көкшетау қалалық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар