Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайталанбауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Қайталанбауы тиіс

Ақтөбедегі лаңкестік жағдайды естіп, жағамызды ұстадық.

Енді еңсемізді көтеріп, ел боламыз ба деп жатқанда теріс ағымның жетегіндегі жастардың бұл басбұзарлығы ешкімді бейжай қалдырмаса керек. Ислам дінінің атын жамылған қаныпезерлердің қатыгездікпен кісі өлтіріп, бейбіт тұрғындарды әбігерге салғаны бір жағынан көңілге қорқыныш ұялатса, бір жағынан мұндай қауіптің бұлты әлі сейілмегенін көрсетеді.
Бізге елдің бірлігі мен ынтымағы қымбат болса, мұндай қатерлерге қарсы тұру аса қажет деп ойлаймын. Мұны тек құқық қорғаушылардың иығына артып қоюға тағы болмайды. Барша қазақстандықтар бір кісідей жұмылып,  бұл қатермен күресуі тиіс.
Тәуелсіз қазақ елі үшін бұл үлкен сын болғалы тұр. Тасада тұрып тас ататындармен ымырасыз күрес жүргізу қажет. Мұндай қарақшылық істерді қарудың күшімен ғана емес, идеологиялық тұрғыдағы алдын алу шараларымен де тоқтатуға болады.
Сақалдарын өсіріп, шолақ шалбар киген уахабшылар шынымен асыл дініміздің құндылықтарына бойлай бермейді. Ата-бабаларымыз ұстанып келе жатқан дінді өздерінше бұрмалайды. Сондықтан, бұған қарсы пәрменді шаралар қарастырылуы қажет деп санаймын.
Әрине, Ақтөбедегі жағдай жақсылықтың белгісі емес. Алдағы уақытта мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуы керек.
Бейнеу ӘБДІМӘЛІКОВ,
еңбек ардагері, зейнеткер.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар