Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төра-ғалығымен Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы кеңесінің отырысында Қазақстан Респуб-ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілетін биылғы жылы өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің ат

 Мерейлі міндет

Күн тәртібіндегі мәселе жөнінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хат-шылығының меңгерушісі Марал Жақыпова баяндама жасады. Жыл басынан бері «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында облыс аумағында жүзге тарта іс-шара өткізілсе, соның жартысынан көбі этномәдени бірлестіктердің бастамасымен ұйымдастырылғаны тілге тиек етілді.
Солардың қатарында еліміз-дің Тұңғыш Президентінің өмір жолын баяндайтын жылжымалы фотокөрме, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбына арналған шара, «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясы да бар. Елбасының тікелей тапсырмасымен биыл да 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекетіміздегі түрлі этностар достығының мерекесі ретінде атап өтілді. Түрлі этнос өкілдері ұлтаралық татулық пен келісімді сақтауға барынша үлес қосып келеді. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қоғамдық бірлестік жетекшілеріне осынау тынымсыз еңбектері үшін зор алғысын білдіріп, толеранттылық, патриоттылықпен қатар, мемлекеттік тілді де насихаттауды одан әрі жалғастыра түсу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ақпарат заманында жастардың ағылшын тілін де білуі маңызды болып отыр.
Қазіргі таңда әр этномәдени бірлестіктің жанында қазақ тілін оқыту курстары жұмыс істейді. Мәселен, Ақмола облыстық «Видергебурт» неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінде қазақ, неміс және ағылшын тілдері қатар оқытылуда. Неміс тілінде сауат ашамын деушілерге оқулықтар Германия мемлекетімен келісіліп арнайы әзірленеді екен. Бүгінде аталған ұйым мұқтаж жандарға үйде көмек көрсететін әлеуметтік жоба аясында жұмыс істеуді қолға алмақшы.  
Бұл туралы  Ақмола облыстық «Видергебурт» неміс қоғамының төрайымы Светлана Корнеева баяндады. Ал, «2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту» жол картасының жүзеге асырылуы жөнінде облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Әлия Қабдушева айтып берді. Сондай-ақ, кеңес отырысында «Ақмола облысының поляктар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий бірауыздан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды және ассамблея кеңесі құрамына өзгерістер енгізілді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар