Ортақ парыз

Облыстық мәслихаттың хатшысы, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дулат Нұрмолдин жұмыс сапарымен Ерейментау ауданында болып, қоғамдық жұртшылық өкілдерімен және депутаттармен жүздесті.

Алдымен, Торғай орта мектебінде болған Дулат Нұрмолдин мектеп директоры Ж.Бөдешовтың аузынан оқу орнының жетістіктері мен проб-лемалары туралы естіп білді. Аудан әкімінің орынбасары А.Әлжанов ауданның білім саласындағы жалпы ахуалы туралы айтып берді. Бұдан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында болды. Мұнда филиал төрағасының бірінші орынбасары Сара Дүйсембаева өңірде жүргізіліп жатқан партия жұмысымен
таныстырды. Филиалда  Дулат Нұрмолдин жеке мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдады. Олар мәслихат хатшысының алдында бала бақша, тұрғын үй құрылысы, зейнетақы, тағы басқа мәселелерді көтерді. Барлық сауалдарға тиянақты жауап берілді.
Бұдан әрі облыстық мәслихаттың депутаты Т.Оразақовпен және аудандық мәслихаттың депутаттарымен өткен кездесуде халық қалауларының жұмысын жоспарлы түрде ұйымдастырудың көкейтесті мәселелері сөз болды. Осы орайда, жергілікті атқарушы органдармен, ауданның Қоғамдық кеңесімен, сондай-ақ, сайлаушылармен ынтымақты, тығыз жұмыс қана сайлауалды бағдарламаларды орындауға, ауданның ойдағыдай дамуына ықпал ететіндігі атап көрсетілді.
Кездесуде Жер заңнамасындағы өзгертулер мен толықтырулар қызу әңгіме өзегіне айналды. Өз сөзінде облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелерін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсене үлес қосуға  шақырды. Кездесуде  аудандық мәслихаттың депутаттары Е.Биекенов, Н.Мандаев, К.Масұғұт, А.Айтпаев өз пікірлерін білдірді. Кездесу соңында аудандық мәслихаттың хатшысы К.Махметов  Дулат Нұрахметұлына пайдалы  кездесу үшін алғысын айтып, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.      

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар