Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәріне ортақ қайғы - АРҚА АЖАРЫ

Бәріне ортақ қайғы

Көкшетаудағы «Новопэк» серіктестігінің ұжымы Ақтөбеде лаңкестердің қолынан қаза болғандарды аза тұтты.

Ақтөбеде орын алған қанды оқиғадан жазықсыз адамдардың опат болуына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкіміне сай 9 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланған болатын. Осыған орай, еліміздің әр өңірінен зардап шеккендер мен олардың отбасы, туған-туыстарына материалдық және моральдық көмек-қолдау көрсетілуде. Бұған ақмолалықтар да қол ұшын созуда. Облыс орталығындағы іргелі кәсіпорын «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы Ақтөбедегі террористік актінің салдарынан құрбан болғандарды еске алып, аза тұтты.
Елбасымыз атап өткеніндей, осындай сындарлы сағаттарда баршамыз бірігіп, тұтастығымызды, ауызбіршілігімізді танытуымыз керек. Қазіргі кезде Ақтөбеде жағдай біршама тұрақтандырылған көрінеді. Келешекте де бәрі орнына келіп, қылмыскерлер құрықталып, адам өліміне, азаматтардың  тыныштығының бұзылуына себепші болғандар заңның қатаң талаптарымен жазаланатынына сенімдіміз. Мұндай жантүршігерлік оқиға енді елімізде болмасын. Біздің ұжым да қаза болған азаматтардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады, – деді кәсіпорын тігіншісі Айым Оспанова өз сөзінде.
Бұл пікірге осында 10 жыл қатарынан тігінші болып жұмыс істеп жатқан Мария Гарбовская да қосылып отыр. Оның айтуынша, тәуелсіз еліміздің іргесін шайқалтқысы келетін қаскөйлердің жолын кесіп, қатаң жазалау керек. Лаңкестердің жолы кесілді. Сондықтан, тігінші ақтөбеліктерді болған іске болаттай берік болуға шақырды.
Сонымен қатар, кәсіпорынның қауіпсіздік қызметінің басшысы Павел Репухов Жалпыұлттық аза тұту тәуелсіздігіміз бен елдігімізді, бірлігімізді сақтаудың қаншалықты құнды екендігін санамызға одан әрі терең сіңіре түсетіндігін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар