Дәрі – дұрыс қолданғанда ғана дәрі

Дәрі-дәрмек дегеніміз адам баласына ертеден таныс шипалы заттар. Бұл туралы 4-5 ғасырлар бұрын өмір сүрген грек дәрігері Гиппократтың еңбегінде көп айтылады.

Оның пайымдауынша, табиғатта дайын тұрған дәрі-дәрмек жоқ, бірақ, өсімдік пен жануар ағзасында дәрі-дәрмектерді жасауға қажетті заттар бар. Атақты азиялық шипагер Ибн Синаның ғылыми еңбегінде де дәрі-дәрмек жасау мәселесіне көп мән берілген. Фармокология ғылымы дами бастаған өткен ғасырда аспирин, фенацитин, кокаин секілді ұйықтататын, жансыздандыратын дәрі-дәрмектер шыға бастады.
Қолданылуына байланысты дәрі-дәрмектер антибиотиктер, антисептикалық, қызуды түсіретін және наркоздық дәрілер болып жіктеледі. Олар арнайы фармацевтика зауыттарында дайындалып, науқастың жасына, жалпы жағдайына байланысты қолданылады. Дәріні қолдану барысында дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында немесе  кейін пайдалану қажет, сондай-ақ, белгілі бір науқасқа белгіленген дәріні басқа адамның қолдануына болмайды. Дәрігердің рұқсатынсыз пайдаланған дәрі-дәрмек адам ағзасына  зиян келтіреді, дәріні үйде сақтаған кезде балалардың қолы жетпейтін жерге қойған дұрыс. Ал, қолдану мерзімі өтіп кеткен дәріні жойған жөн.
Сот медицинасында дәрі-дәрмектер адамдарға психикалық немесе физикалық әсер етеді. Өз-өзіне қол салу, адам денсаулығына зиян келтіру, өлімге душар ету жағдайларына да өте көп мөлшерде немесе дұрыс қолданған кезде осы дәрілердің тікелей және жанама әсері болады. Дәрі-дәрмектің әсері көп жағдайда қылмыстық әрекеттерге, әсіресе, жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық қылмыс ретінде дәлелдеу қиын. Оқиға орнында табылған дәрі-дәрмек қораптары мен улану белгілері ғана мұндайда құнды деректер береді. Көп жағдайларда сот-химиялық зерт кезінде белсенді заттар мөлшерінің тым аз болатынына байланысты зиянын тигізген заттарды күрделі сараптаулар нәтижесінде ғана анықтауға болады.

Зәуреш ҚҰЛМУРЗИНА,  
облыстық оңалту орталығының провизоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар