Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолдың тағы бір жаңа үйі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолдың тағы бір жаңа үйі

Аудан орталығы Ақмол ауылында, жалпы, ауданда кейінгі жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның айғағы ретінде соңғы жылдары пайдаланылуға берілген мектептер мен балабақшаларды, басқа да әкімшілік  ғимараттарды айтуға болады.
Сондай-ақ, мұнда ең бастысы, тұрғын үйлер салуға жете назар аударылуы қуантады.

Ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж 707 азамат есепке алынған. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының бір ардагері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 63 азамат, 271 тұрмысы төмен отбасы, 399 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік мекемелер қызметкері және баспанасы апатты жағдайда деп танылған 3 азамат бар. Бұл жолы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында бір топ отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. 2014 жылдың желтоқсан айында электронды байқаудың нәтижесінде Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй салу үшін «Заводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 275 248, 238 мың теңгеге  келісім-шарт жасалған болатын. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 13,900 миллион теңге қаржы бөлінді. Жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсыру салтанатында аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев жиналғандарды баспаналы болуларымен құттықтады.
– Елбасы  өз Жолдауында инфрақұрылымды дамытуға бас-ты назар аударған болатын, – деді ол өз сөзінде. – Бұл орайда, көліктік-логистика, сумен, жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы бірінші кезекте жүргізілуге тиіс жұмыстар болып табылады. Президент тапсырмасын орындауда біздің аудан да барлық мүмкіндіктерді пайдалануда. Соның бір айғағы, бүгін пайдаланылуға беріліп отырған 45 пәтерлі тұрғын үй.  Алдағы уақытта бұл жұмыстар одан әрі өз жалғасын таба береді. Яғни, ауданымызда тұрғындарды, әсіресе, тұрмысы төмен азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету басты назарда болады.
Шынында да, Целиноград ауданында құрылыс қарқыны облысымыздың басқа аудандарына қарағанда едәуір ілгері екендігі  көзге ұрып тұр. Әрине, бұған аудан орталығы Астанаға жақын орналасқандықтан, тұрғындар саны күн санап өсіп келе жатқандығы, сондай-ақ, Үкімет тарапынан  Елорданы айнала орналасқан елді мекендерді абаттандыруға жете мән беріліп отырғандығының да игі әсері бар. Қалай болған күнде де Ақмол ауылының күн санап көркейіп келе жатқандығы айқын.
 Талғат ҚАСЕН
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар